Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  104


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жұмбақ өлеңдер

1.
Тоқтаусыз зырылдаған бір диірмен,
Қойдай тізген саны бар көлге иірген.
Бірі ұзын, бірі қысқа найзасы бар,
Мезгілді көрсетеді бір бүйірден.
(сағат)
2.
Бар екен бір айдаһар білесің бе,
Қап-қара ноқаты бар төбесінде.
Ноқатын сүйкеп қалса, от шығады,
Лапылдап, жанып кетсең, өлесің де.
(сіріңке)
3.
Бір үйдің бар екен ғой екі қызы,
Сұлулығын біледі жердің жүзі.
Бірі күндіз, ал бірі түнде ұйықтайды,
Қалмайды жүрген кезде жерде ізі.
(күн мен ай)
4.
Мініп алып бес адам бір тұлпарға,
Ойпырмай, шабады екен ойдан-қырға.
Ақ қарлы дала беті шимайланып,
Кітап болып туады ақырында.
(ақын қаламы, бес саусақ)
5.
Тастай салсаң – арқандай шұбатылған,
Тастамасаң – шығады Уы артынан.
(жылан)
6.
Бір бұрышта сақтайды тəртіптілік,
Дүниенің хабарын айтып тұрып.
Көңіліңді шалқытып, қуантады,
Талай адам ішіне қалқып кіріп.
(теледидар)
7.
Əуелі, тірі жүреді,
Үстінде қалың тоны бар.
Тонын шешіп тастасаң –
Дастарханда жолығар.
Тоны да жоқ, өзі де жоқ болса егер,
Түсіңе де кіретұғұн жөні бар.
(қой еті)
8.
Тоққа қоссаң –Ылғи тамақ сұрайды.
Токтан алсаң
Ағыл – тегіл жылайды.
(тоңазытқыш)
9.
Түймедей – ақ сияғы,
Түгел дүние сияды.
(көз)
10.
Қарасам – қарайды,
Қарамасам –қарамайды.
(айна)
11.
Қоса қойсаң жай ғана,
Əнге толар айнала.
Табылады қайда да,
Радио деп ойлама.
Тойға бөлеп үйіңді,
Төгілтетін əніңді.
Тартатұғын күйіңді,
Үй жиһазы кəдімгі.
Айнасы бар, ол бірақ,
Ұқсамайды айнаға.
Осындай бір ғажап бар,
Айта қойшы ойлана.
Күнде көріп жүрсің ғой,
Атын айтар қай бала?
(теледидар)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу