Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  134


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әтеш

Табылмайтын ауылдан,
Біздің əтеш шын ерке.
Тек оқуға барудан,
Оятады тым ерте.
Тоғыздағы сабаққа,
Оятады алтыда.
Ризамын сағаттай,
Əтешімнің салтына.
Оянамын ерінбей,
Үш сағатым бар бүгін,
Қайталаймын берілген,
Тапсырманың барлығын.
Сен тамаша əтешсің,
Досым, алтын қанатты!
...Арқасында əтештің,
Жақсы оқимын сабақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу