Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  81


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ана

Қарлығаштай су берген,
Қаршығадай жем берген.
Қалжыраған кезіңде,
Қанатың дем берген.
«Құлыным» деп құмартқан,
Қылығыңды ұнатқан,
Тентектікті кешірген,
Еркелетіп өсірген.
Бесігіңе сүйенген,
Берекеңе сүйенген.
Мереке деп сезінген,
Мехнатыңа төзуде ең,
Қуат берген - тау асар,
Талабыңа жарасар,
Туған жердің қадірін,
Топырағын, жарығын.
Жұтып жүрген ауаңды,
Табиғаттай панаңды
Тарту еткен анаңды,
Ел деп отқа кіруге,
Дайын еткен анаңды
Құрметтеп бас ие біл,
Қасиет деп сүйе біл,
Көзіне жас алдырма,
Көңілін əсте қалдырма.
Қадіріне жете біл,
Адал қызмет ете біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу