Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  152


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шілдехана

Анадан тудым шырылдап,
Азапкер анам терлепті.
Аша алмай көзім, бір уақ,
Іңгəлап Аллам еңіретті!
Былғаныш бойым түп-түгел,
Жарқ етіп көрдім жер-көкті!
Бесігім болды құтты жер
Шаңырағымды Алла тербетті!
Шешелер кесіп кіндікті,
Дайындап біреу жөргекті,
Хабар беріп жақынға,
Қуантуға кім кетті?!
Шүйінші деп əлдекім,
«Шүкірін» айтып ел кет
Қуаныш етіп сойып қой,
Басталып кетті жиын той.
Шілдехана күзетіп,
Əндетіп жатқан қызық қой!
Маңайда туыс көп еді,
Бесікке салды бөледі.
Ақ мамыққа орады,
Тəрбиелеп денемді.
Соншалық құрмет еткендей,
Анашым, балаң не берді?
Тоғыз ай күйіп ыстыққа,
Суығыма көгерді...
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Жүрегі иіп от болып,
Осынша неге қуанды,
Бейнетіне шат болып,
Есейіп барып, ес жиып,
Анаға кеттік жат болып,
Жат болған емей немене,
Сəлемнің өзі сəт болып!
Маңдайыңнан сүйдіру,
Тұла бойын идіру
Анасы үшін қат болып!
Бейнетпен өстіп өсірген,
Қарызын қайтіп өтедім
Пəни де жалған бетінен,
Қарыздар болып кетемін.
Естияр болса балаңыз,
Еңбегің жанар анамыз.
Ата-ананың қадірін,
Өскенде білер наданбыз.
Ата-анадан айырылып,
Айдалада қалармыз
Ақ сүтін ақтай алмастан,
Ақ кебінмен жабармыз!!!
Тірі жүріп, өлмейік,
Тереңге қол сермейік
Адамдық қарыз, парызды,
Аяқасты ете бермейік!
Арлы боп бетті жудық қой,
Арлы боп көрге барармыз.
Адам болып тудық қой,
Адам болып қалармыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу