Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  109


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қарындастарыма

Қарындасым Халзада,
Қолға алдым қалам жазбаға.
Сондағы ойым немене,
Сізге нұсқау жазғанда.
Туған сіңлің Ақ Кенжеш,
Өспеген ойы ол бір жас.
Анамыз өліп, мінеки,
Бейуақытта қалды жас.
Ұлығы еді Анасы,
Сізсіз енді панасы.
Əркімнің кетіп қолында,
Болмасын жауға табашы.
Əрине, бар ғой ағасы,
Əпшенің бөлек бағасы.
Анасының өзіндей,
Көзінің ақ пен қарасы.
Қарындасың сондай деп,
Түкірмесін бетіне.
Күндіз-түні үгіттеп,
Көп алыңыз күтімге.
Бірге туған бауырың,
Арқалайсың ауырын.
Ұзын арқау, кең тұсау,
Кенжетайың-тəуірің.
Аяқта сөзім қалмасын,
Жүрегіңе байларсың.
Қарындасым Халзада,
Ағаңның көңілін жайларсың.
Ойы болса басында,
Өзі де ойлар расында.
Білмесе сөзді, амал не,
Баспағайсыз ашуға.
Екі көжек ержетсе,
Бақыт қонар басына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу