Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  106


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жеті ауыз сөз

Əкесіз көп күндер өтті…
Мəпесіз көп түндер өтті,
Ақ тілеу сөз, мейірімді көз,
Қара Жерге бірге кетті.
Ажал-адам жауы сынды,
Алар демің тауысылды.
Айналайын, асыл Əкем,
Естімейсің дауысымды.
Торқа болсын топырағың,
Жайнап өссін жапырағың.
Мазараттың басына кеп,
Мылқау құсап отырамын.
Армансыз боп өтіп едің,
Арман толы көкірегім-
128 129
Арыздаса алмай қалдым,
Кешір, Əке, өтінемін.
Күн батады, таң атады,
Соғар Ажал сағаты əлі.
Тудыруды білген Алла,
Өлу үшін жаратады.
Қысқа ғұмыр-бес күн, дүние,
Белбеуіңді шештің, міне!
Орыныңа қоя алмадым,
Осы өмірде ешкімді де!
Ақжүрегім сағынулы,
Алласына бағынулы


Иманыңды саламат қып,
Жарық етсін қабіріңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу