Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  140


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мамыт ақсақалдың батасы

Той бер,шырақтарым,
Бəріңді Құдай бай етсін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын,
Аруақтарға құдай рахмет ейлесін!
Елге тыныштық берсін,
Дастархандарыңа береке берсін!
Жастарыңа мен құсап ұзақ өмір берсін!
А, айналайын жастар! Жорытқанда жолдарың
болсын!(Əумин!)
Қыдыр əлейксалам жолдастарың болсын!
Оңға жүрсең құдай оңласын!
Солға жүрсең аруақ қолдасын!
Е, құдай жастарды сақта,бəле-жаладан!
Соғыс болмасын!
Шайтанның шəрінен сақтасын!
Патшаның кəрінен сақтасын!
Жаладан сақта!
Бəледен сақта!
Аман-сау, саламат,
Мен құсап бала-шағаларыңды тəрбиялап,
Бала-шағаларыңды оқытып,
Өздерің мен құсап,
Дендерің сау болып,
Тоқсан емес жүзге келіп,
Бəрің де мен құсап той жасап,
Дүниеден армансыз өтіңдер!
Əумин!
Құдай беріп жетпегенді жеткеріп,
ТілектеріңеЖеткелекке жетіңдер, айналайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу