Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  189


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ықылас сүресі

Бисмиллəһир-рохманир-рохим.
Қул-һуаллаһу ахад. Аллаһус сомəд.
Лəм йəлид уə лəм йулiд, уəлəм-иəкун
Лəһу куфан ахад. 3 рет қайталаңыз
Садақал-лаһул-азиим.
Сүбханə роббикə роббил ғиззəти ғəммə
Йəсифун уə сəлəмун ғəлəл-мурсəлин
Уəлхамду-лиллəһи роб-бил ғалəмиин.
(Əминдi əр уақытта iштен айтады).
Тоқсан жастағы Оразкелдi Бұғышы Мамыт
ақсақалдың батасы:
Той бер, шырақтарым,
Бəрiңдi құдай бай етсiн.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын,
Аруақтарға құдай рахмет ейелесiн!
Елге тыныштық берсiн.
Дастархандарыңа береке берсiн!
Жастарыңа мен құсап, ұзақ өмiр берсiн!
А, айналайын жастар!
Жорытқанда жолдарың болсын! (Əумин!)
Қыдыр əлейкисалам жолдастарың болсын!
Оңға жүрсең құдай оңласын!
Солға жүрсең аруақ қолдасын!
Е, құдай, жастарды сақта, бəле-жаладан!
Соғыс болмасын!
Шайтанның шəрiнен сақтасын!
Патшаның кəр
iнен сақтасын!
Жаладан сақта!
Бəледен сақта!
Аман-сау саламат,
Мен құсап бала-шағаларыңды тəрбиелеп,
Бала-шағаларыңды оқытып,
Өздерiң мен құсап,
Дендерiң сау болып,
Тоқсан емес жүзге келiп,
Бəрiң де мен құсап той жасап,
Дүниеден армансыз өтiңдер!
Аумин!
Құдай берiп жетпегендi жеткерiп,
Тiлектерiңе –Жеткелекке жетiңдер, айналайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу