18.05.2022
  403


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДҮНИЕГЕ БЕРІЛМЕКТІҢ ЗИЯНЫ

Уақытымен дүниенің жай жапсарына назар аударсаң үш нәрседен ғибраттануға болар. Бі- ріншісі – жердің бетінде жаратылғандардың есепсіз көптігі. Бұларды жанды-жансыз деп те өсімдік, хайуанат деп те атап жатады. Жерді мекен етіп, зиярат ету үшін жаратқан. Ал он- дағы заттар – алтын, күміс, мыс, және темір – құрал сайман, басқа да заттарды жасау үшін қа- жеттілер. Ал жануарлар жемек, мінбек үшін қажет. Адамдардың жан ділдерін бұларға үйір қылыпты. Бірақ ділді дүниеге қызықтырмапты. Ол тәннің қабілеттілігін, дұрыс қызмет істеуін жолға қойып отырар. Ділді дүниеге қызықтыру мәселесінде неше түрлі сипаттар пайда болар, оның себебі тәннің өлуіне байланысты. Соны- мен, бірге ашкөздік пен бақылдық, қастандық пен дұшпандық, басқа есепкерлер де баршылық. Денені дүние игіліктеріне дос еткеннен кейін діл өзін ұмытар және кейбірі бар қымбатын дүниеге сарп етер. Сол себептен дүниенің негізгі игілі үш нәрсаеден тұрады: тағам, киім, мекен- жай. Өнермен нашықтану адамға қажет. Олар да үшке бөлінеді: диқаншылық, тоқушылық, құр- лысшылық. Бұлардың әрбірінің бұтақшалары бар. Мысалы, тоқушылық, шығырықшы және жіп иіруші, бұлардың ісіне де көмектесіп қажетті дәрежеге жеткізер. Сондықтан тоқушы және егін егушілердің түрлі аспап, құрал-саймандардың қажеттілігі болар. Ағаш, темір бұдан да басқа заттар қажет болар. Ал адам бар қажеттіліктер- ді бір өзі тауып, тауыса алмас. Басқаға қажеті түскен себебінен халықара қызметі пайда болар және әр кісі өз ақысына риза болмай, бір-біріне қастық жасар. Бұл жағдайдан да үш түрлі сипат пайда болар: бірі – салтанат пен саясат, біреуі – қазылық және бірі – өкімет. Бұлардан басқа діни қағида, жол жоралғы мен салтанат және саясат заңдарын  халыққа  жария  етер.  Осы  істермен дүниенің ой-қыры толықтанып, адамдар рухани бақыт сағадатын ұмытар. Бұл дүниенің асыл негізі үштіктен тұрмайды екен. Тағам, мекен-жай және киім бұлар тәнді сақтау үшін, ал тән – ділді сақ- тау үшін керек. Себебі, дене – ділдің қызметкері. Діл – Хақ тағалаға тән. Ал адам о дүниеге жалғыз кетумен бірге, өзін де және Хақ тағаланы да есінен шығарыпты. Сонымен қажылық ниетімен шық- қан адамдар түйелерін семірітпекпен шұғылда- нып, керуеннен қалып кетіп өзін де, Қағбаны да есінен шығарғандықтан, адасып, қажы бола ал- май, қор болған «Қажылардың» халіне ұқсар. Мі- не, дүниенің ақиқаты осында болар. Әр кісі өзін бұл дүниеде: мүсәпірлік жағдайда тұтпаса және қымбат дегенін ақыретке арнамаса, дүниенің уақ-түйегінен қолын үзе алмай, қызығына түсу- мен әуре болса, ол дүниенің негізгі асылын та- нымағаны болар. Бұл білместіктің себебін, Әзі- реті расулі акрам салалаху Әлейһи уассалам айтып кетіпті. Дүние Харут пен Маруттан да артығырақ (жәдігерлеу), одан азар болып шет- теген жөн. Уақыт өте дүниенің жәдігөйлігі мәлім болар. Оның мекерлігі мен адастырушы екенін білмек халықтың парызы болар. Енді дүниенің жәдігөйлігін бірнеше мысалдармен білдірейін.


Әуелгі мысал – дүниенің жадылығы сол болар, өзін саған екі ғаламда опа қылғандар қатарында көрсетер. Әрдайым сенімен бірге болғандай қал- пын сақтар. Шын мәнінде олай емес. Бәлкім, дәйі- мі сенен ұзақтап қашуда болар. Бейопалылық, бейбақтығын аңғартар. Алайда астыртын әреке- тінен опасыздық, қулық, сұмдығын саған біл- дірмес. Өзіңнің көлеңкеңе ұқсап жақындап, саялағың келсе, сенен қаша берер. Бірақ жырақтап кеткені саған мәлім болмас. Ал өміріңде сенен қашатындардың бірі одан сенің хабарың болмас. Жақын да, жаны да сенімен бірге ұқсап көрінер. Және бір мысал, дүниенің сыйқырлығы сол – саған өзін дос көрсетер. Ал сен оған ғашық болар- сың, саған сондай болып көрінер, тіпті, одан өткен әлемде сұлу жоққа ұқсар. Бірақ уақыты келгенде дұшпандығын аңғартып, сыртын көрсетуі де – лезде. Және бір мысалы, ол – жәдігөй немесе жә- дігөй кемпірге ұқсар. Халықты өзіне ғашық етіп адастырар, үйіне кіргізіп, оп-оңай қолына түсі- ріп, жеңіске жетер. Иса Әлейһісалламнан қалған нақыл екен. «Қанша ой-пікірін жүргізіп, көзбен көріп, қолмен ұстап, дүниені сұлулар суретінде, өздерін тіпті білмейтін сипатты, сұлу жүз назды көзқарастарымен безендіре көрсетер. Бір сұлу- дан «неше ерің бар?» деп сұраған екен: Дүние көптігінен оның санының қанша екенін білмей- мін депті. «Бұларды сен талақ еттің бе, жоқ өлтір- дің бе?» дегенде айтқан екен: «Бәрін де өлтірген- мін, қалғандарын да өлтіруге дайынмын» депті. Иса Әлейһісалам айтыпты: «Таңым бар менің, ол – ақылсыздар, дүниенің қулық-сұмдығын көре-біле тұрып және соған бар ықыласымен ұмтылып, өзгелерден ғибрат алмайды» депті де:


«Ей, Құдай тағала, сақтағын бізді дүниенің сый- қырынан» деген екен. Және бір мысал, тағы бір сиқыры көзіңе көрінгенді мейірімді және опалы сияқты жарқырата безендіріп көрсетер. Халыққа жеткізетін бәлелер мен бейнетті жасырып таса- да ұстар, білімсіз надандар оның сырт-сыпайы көрінісіне сеніп, таңданар. Оның мысалы нағыз сайқалдарға ұқсар, жүзіне перде жамылып, әсем киімдер киініп, безенген түрлі заттарды тағып алып, өзіне жасанды көркемдік беретіндер сияқ- ты. Кімде-кім оны алыстан көрсе ғашық, болмауы мүмкін емес. Уақыты жетіп, оның пердесін сы- пырса, боямалығы мағлұм болып, өкінішті жағ- дайға тап болар. Сенімді хабарларда дүниені, байлықты қиямет күні кейіпсіз, түсі жаман, аяр қатындарға ұқсатып қояр. Жүзі кір, лас, көзі көк, тістері ақсиып, аузынан шығып көрініп тұратын сұмырай суретімен халыққа көрсетер. Халайық оның аузынан шығатын сасықтарынан шошына жиреніп, бұл шерменделік пен рәсуалық қалпы- нан бойын тартып, шыдамсыздықпен шеттеуге мәжбүр болады екен. Періштелер айтады: «Бүл дүние сендердің жақсы көрген сұлуларың еді, бұның соңына түсіп, бір-бірлеріңе қастық қылып, нақақтан қанын төктіңдер, рақымсыздықпен қа- рындас-қауымдарыңды жұрдай қылып қапалан- дырдыңдар, бұған құмар болдыңдар».


Шын мәнінде, дүние сені тозаққа тастар. Дү- ниелік ақыл да жақсы көрген байлықтарыңа іле- сіп, отхана мен асхананың – ошақтарына енер. Және бір мысал, адам өз әзәлдағысына жақсы eceп берсе, әзәлдің бұл дүниеде болғаны жоқ. Сол сияқты eceп берсек, атышулы абатшылық та бұл дүниеде болмапты. Байқағын, әзәл мен абат- шылықтың арасында неше күн бұл дүниеде болды екен? Бұл дүниенің мысалы мүсәпірдің сапар қылатын жолына ұқсар, әуелі бесік болса, ақыры


– көрдегі жай болар. Ал мұның расында неше санаулы уақыттар бар. Әр жыл – бір маусымды мезгіл. Әрбір сағат – бір қадамға ұқсас. Әрбір ай – бір парсаңға ұқсар, «парсаң 6 шақырымға жуық». Әр күн – бір мильге «4000 қадамға» тең болар. Адам бұл сапарда дәйімі жүрумен әуре. Кейбірі маусымға жетер, кейбірі парсаңға кетер. Бұл дүниеде он жыл, я он күн болуың мәлім емес. Дүниелік ақыл ләззатын дүниеден көрер. Ал оның ренішін, расуалығын ақыретте көрер. Мұның мысалы сол бір кісінің халіне ұқсар – тағамның майлы тәттілерін мөлшерден асық жеп, оны асқазаны сіңіре алмай, күпті болғандарға ұқсар. Бұл кеселден көрген машақаты – жегенін желкесінен шығарып, ақыры үлкен өкінішке тап қылар. Сондықтан тағам тәтті болғанымен, оны сіңіру жағдайы сөтті бола бермес. Дүниенің ләззаты да әрдайым бойға тарап кете бермес. Бұл жағдай жан берер уақытта мәлім болар. Әрбір адамның бағы – бостандығы, құл-кәнизагы, алтын-күміс сияқты қазыналары көп бола қой- сын. Дүниеден өтіп, жан берер уақытында оны- мен қоштасып, айырылысу жағдайы өте қиын болар. Дүниемен қоштасу – өлу – қиыншылық, ренжулерімен тынбас. Ол достық ділінің сипаты болар. Ділге – өлім жол таба алмас. Және бір мысал, дүниенің ісі адамдарға жеңіл де, қысқа да көрінер. Ал адамдар бұған күмәндана қарап, бұл іспен шұғылдану жағдайын ұзақтатқысы келер. Жақыны – сол бір істен мың іс пайда болар. Бар өмірі де сонымен тәмәм болар. Иса әлейху саллам айтқан екен: «Дүние іздеушілердің халі, Шор-Дария суынан ішушілердің халіне ұқсар, қанша ішсе, шөлдегені сонша өрши түсер, қашан өліп тынбайынша, шөлдегені басылмас». Әзіреті расуллі акрам саллалаху Әлейһі уасаллам айтқан екен: «Cyғa түскеннің құрғақ шығуға шарасы жоқ” деп. Дүниеге былғанған кісінің бұзылмауына лажы жоқ. Және бір мысал: бір адам дүниеге келіп, ержеткен соң кісіге ұқсап, бір атақты қонақ- үйге түсіпті. Ол қонақжайдың иесі қонақ түсетін сарайын жарқырата әсемдеп – бар жағдайларды жасап, алтын табақтарға түрлі тағамдарды салып дайындап, күміс табақтарға хош иісті сусындар- ды құйып, оқтын-оқтын қонақтарды аралап, ұша етін пісіртіп, бір-бір кесегін қонақтарға береді. Ол кісі ақылды еді. Қонақүй қожасының әдетін білетін. Берген тағамдарын рақаттана ішіп-жеп, жан жадыратар шербеттерінен шөлін қандырып, өз мекеніне қайтатын еді. Кейбір надан опасыз- дар кетер уақытында да сол дастарқандағылардан сүйгендерін үйіне алып кетеді деп күмәнданатын. Міне дүние мысалы – осыған ұқсас қонақ сарайы, мүсәпірлер бар жайып қойған қажеттілерін ішіп- жеп кете береді. Бірақ алып кетемін деп дәме қылмайды.


Және бір мысал, дүние-ай, ақылдың дүниеге қызығып, ақыретті ұмытуы – кемеге мініп, теңіз- де сапарға шығып, жазира шөл жиегіне жеткен қауымға ұқсайды. Жиекке шығып, табиғи қа- жеттіліктерін өтеп, дәрет алып келмек. Кеме- ші тысқа шыққандардың бір нәрсеге айналып кешігіп қалмауын ескертеді. Дәрет алудан бас- қа іске алданбауы керек. Өйткені кеме кешікпей жүріп кетеді. Сонымен, бір топ адамдар жазира- ға шығады. Ол топ тез дәрет алып, кемеге кі- ріп, таза ауалы жақсы жайға орналасады. Бір тобы, жазирадан ғажайып таң қалғандай әдемі құстардың даусын ecтіп, көз жауын алатындай лағыл-маржан сияқты заттарды көремін деп ке- шігіп келіп, кемеден жақсы жай таба алмай, көңілсіз қараңғы жерге орналасады. Және бір то- бы көргеніне қанағаттанбай, таңсық заттардан олжаланамын деп, тіпті кешігіп келіп, кемеден отыратын жай таппай қалады. Бұл топтағылар- дың реңі қашып, тапқан олжалары бойына та- рамай, қиын жағдайда қалып, ренжу азабын тар- тады. Бір тобы жазираның ғажайыптарын та- машалаумен кемеден ұзап кетеді. Кеме оларға қарамай, жүріп кетеді. Сол жазирада кейбіреуі шөлдеп өлсе, бағзыларын жыртқыш хайуандар жеп қояды. Сонымен, әуелгі топ – тәртіп сақ- тайтын момындардың мысалы деуге болады. Ақырғы топ тілге көнбейтін тәртіпсіз кәпірлер- дің мысалы. Өйткені өздерін Құдай тағала және ақыреттен хабарсыз етіп, бар ықыласын дүние- байлық, қызықшылыққа жұмылдырып, есіл-дерті дүние қамы болып, ділдері де дүние махаббатына байланғандардан. Нақыл сүресінің 107-аятында:


«Дүниенің тіршілігін және достық махаббатын ақыреттің мәңгілік өмірінен артық көргендер» деп айтқандарға осы топтағылар жатады. Арада- ғы екі топ, момын жалпы пенделердің мысалы. Бұлар иман негізін саламат сақтағандар. Бірақ дүниеден қол жимағандар. Бағзылар байлығы- ның көбеюімен көңілді, бағзылар ауыр тұрмыс жағдайында өмірі өтсе, кейбіреулер кезбеліктің киімін киіп, қиыншылықпен өмірін өткізеді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу