18.05.2022
  216


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

АДАМНЫҢ БАҚЫТЫ – ПЕНДЕЛІКТІ ӨТЕУІНДЕ

Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала ілім-білімін талдай берсек, өте ұзақ, бұл кітапқа сыймас.


 


Мұншалықты талдаудың өзі жеткілікті болар, егер талапкерге барлық ілім-білімді үйренуге құш- тарлық зауқым пайда қылса. Адамдықтың бар бақыты – Хақ тағаланың ілімін үйренбек пен оған ғибадат етіп, пенделігін өтемекте. Себебі уақытымен адам дүниеден өтсе, Хақ тағаладан өзге пана болмас. Алладан өзге шара көрсетуші жоқ, яғни қайтып баратын жер – Хақ тағаланың кеңшілігі ғана. Әр кісінің баяндылығы өз дос- ымен сүйгені құзырында болар, достығы қан- шалықты шынайы болса, бақыты да одан артық болар. Хақ тағаланың ілімін білмейінше, оның сөздерін толық айтпағанша, Алла тағаланың ма- хаббаты оның діліне жайласа алмас. Егер адам не нәрсені дос тұтса, оның айтқанын түгел орын- дайтыны мәлім жағдай. Сол сөз арқылы жасал- ған мәмілелер арқылы достығы қалыптасып бекемделе түсер. Бұл жөнінде Алла тағала Дәуіт (а.с): «Сенің дертіңе дауа қылушы және панаң мен болармын. Барлық қолбасшың мені білер, менің айтқандарымнан бір сәтте ғапыл қалмағын» деп хабарлапты.


Ал көңіліңдегі көрікті сөз сол сәтте ғана же- ңіске жетер – егер пенде тағат пен ғибадатқа бой ұсынып, оны міндетіне алып, ғибадаттың ләзза- ты мен азабына шыдағанда ғана пайда болар. Алатын алыс-беріс дүние ләззатынан қолын үзсе, сол сияқты шауһат нәпсісін де тиып, қолын үзген жағдайда күнә істеуден қолын тыйса ғана, жеңіске қолы жетер. Ал күнәдан қол тартпақтың мәнісі, көңілін суыту жағдайын пайда қылмақ себебінен болар. Тағат және ғибадат та орнына келтірмектік Хақ тағаланың айтқан соөздерінің жеңіске жеткені болар. Бұл екеуі де Хақ тағаланың махаббаты себебінен. Адамдық бақытының ұрығы осылар болар, бұл мағынадан тек жақсылық, қайыр- сақауат, басқа да ізгілктер пайда болар. Яғни бұл істер Хақ тағаланың махаббатына тән жағдай- лар. Хақ тағала жарлық беріп, Ағла сүресінің 14–15 аятында: «Ол момындарға мағрифатты ма- хаббатты заттан. Ол ғарыш ұлығы аталатын өте биік дәрежелерден», – деп хабарлаған. Жалпы, амал Хақ тағалаға ғибадаттан абзал емес және жалпы дүние ләззатынан қол жию да шарт емес. Өйткені егер адам тағам жемесе өледі. Егер ерлі- қатынның қатынасы болмаса, ұрпақ көбеймес. Кейбір ләззаттан қол тартқанмен, бағзы біреуле- рін орындауы ләзәм, яғни нәпсіні орта дәрежеде ұстағаны жөн. Екі жағынанда құр алақан бол- мағаны жөн. Адам өзінің ақыл қалауын шын кө- ңілімен іске асырар немесе бір кісіден үйрену арқылы жүзеге шығарар. Сондықтан әуестік қалауы жеңіске жетуінің жалғасы, рухани Хақ тағаланың көңіл көк жиегінде сақтауда болар. Әр бір мұрат-мақсат, нәпсінің – қалауы болар. Ол дүрыс емес нәрсені кісіге дұрысқа ұқсатып көрсетер. Сонымен, сен ықтияр тізгінін әуес қа- лауының қолына бермегейсің. Мүмкін, бір кісіге тапсырарсың. Ол – халайықтың таңдап алған таза тап-тұйнақтай әулиелер сәлемдемесі іспетті бо- лар. Ал төмен тәртіпсіз шариат және молласымақ- тар Хақ тағаланы өзі тарапынан таратқысы келер, өздерін дақындатуға бейімдер. Пенденің бақыты мен құлшылығы да осыларға ұқсар. Әрбір кісі шариғат талабынан шығып, өз ықтиярымен амал қылса, қатерден аулақ болмас. Осы бір мағынаны Хақ тағала Талақ сүресінің 1-аятында: «Кісі Хақ тағаланың жарлығынан шет шықса, ол ақиқатында өзіне зұлымдық жасар» депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу