18.05.2022
  147


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ХАҚ НҰРЛЫ АЛЛА ТАҒАЛА – БҮКІЛ ҒАЛАМ ПАДИШАСЫ

Сонымен, Хақ тағаланың сипатын танымақ – әрбір адамның міндетті парызы. Оның сипаты ежелден белгілі мекенсіздігі және тұлғасыз екен- дігі. Заман-замандардан бері қарай оның мекен- сіздігі мәлім болды. Бұл жағдайды білмектің кіл- ті, адам өз жаратылысын танымақта екені баяндалды. Хақ тағаланың бүкіл ғалам мемлекеті падишасы болуының себебі неліктен? Бұны қай- сы дәлелмен білуге болады? Періштелердін бұй- рық қылмағы,періштелердің бұйрықты орында- мағы және ғалам істеріне періштелердің көңіл бөлмегі, аспаннан жерге бұйрықтарды жеткіз- бегі, аспан мен жер және жұлдыздарды сейіл қылмағы және рызық-несібелердің қоймасын аспанға қоймағының себебі неліктен? Бұл та- рауда осылардың ақиқатын баян етемін.Хақ та- ғаланың ілімін үйретпекте ұлы қасиеттер бар. Бұны кең пейіл, ұлық Алла дер.Өйткені,әуелгі тарау – Алланың заты мен сипаты деп аталған еді. Сондықтан ұлық Алла сипатын танымақтын да кілті адамның жаратылысын танымақта болар. Егер де өз денеңнің мемлекетіне падишалық ету- ді білмесең, ықпалынды жүргізе алмасаң, Хақ тағаланың падишалық ету ықпалының сипаты- нан не білерсің? Әуелі өзіңді танығын және өз сипатынды білгін. Мәселен, «Бисмилланың» пай- да болуын білгің келсе, ол адамның тілек-талап, мақсатында пайда болар. Ал оның мұратын ше- шуші діл болар. Бір парша ет-жүрек көкіректің сол жағында тұрар. Сонымен ділден кеуде арқы- лы көмейін әрекет қылар. Бұл кеудедегі жүрек сөздерін тәуіптер рух деп атар. Барлық қуат, іс- әрекеттер бұлармен байланысты, бірге болар және бұл рухқа өлім жол табар. Адам мен хайуандар- дың өлуімен бірге, бұл рух та өлер,бұны хайуан- дық рух дейді. Бір рух бар – біз оған діл деп ат қойдық. Бұл – жануарларда жоқ нәрсе. Әр уақытта өлім оған жол таппас және бұл рух – Құдай Алла тағала ілімінің орны болар бөлек, уақытымен хайуани рухтын көмейіне жетсе, «Бисмилла» суреті сол көмейдін қазынасы болар. Қуат пен қиялдын мекені сонда пайда болар және көмейден асып, аяқтарға жетіп, барлық денеге тарар. Жіпке ұқсап таралып,бармақтардын ұшына дейін тарар. Бұл сіңірлі жіптерді арық адамның қол-аяғы- нан көруге болады. Енді бұл жіп-сіңір тамырлар саусақтарды әрекетке кіргізеді. Сонымен, «Бис- миллах» қиял қазынасында сурет сипатында қа- ғазда пайда болар. Бұл суреттің қағазда пайда болмағы сезім талабы жәрдемі арқылы болар. Сондықтан        ол   көзбен                 байланысты,қашан       көз қиығы түспегенше болмас. Пенденің қылар ісінің әуелгі талап-тілек қалауы да көнілде пайда болар. Бұған ұқсас, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланың сипаттарының бірін пайда қылар. Алғашқыға байланысты, қатынасы бар барлық істер жігердің сипаты болар. Сондықтан пенденің қалауымен жігерінің пайда болатын жері әуелі ділде пайда болар, одан кейін ділдің көмегімен өзге ағза қуат- қа кірер. Хақ тағаланың жігірлендіру әсері әуелі ғарышта пайда болар,одан кейін басқаға жетер. Сондықтан   пенденің                     жаратылысында                    көкірек көзі пайда болар. Бұған хайуандық рух деп ат қойдық, ділдің тамырларынан бұл із-таңбаны көмейге жеткізер. Осыған ұқсас Хақ тағаланың жігерлік із-таңбасы ғарыштан күрсіге жеткізетін, жауһарлы сөздер бар екен,оны періште деп атай- ды немесе рух дейді. Кейде рұхл Құддус та дейді Сондықтан пенденің күш жігерінің ізі көмейі- не жетіп, ділдің қазынашысы болар. Бұған ұқсас Хақ нұрлы Алла тағаның жігер сипатының ізі ға- рыштан күрсіге жетеді екен,күрсі ғарыштын астында болар, сондықтан пенденің пейіл құнының суреті көмей қазынасының алдыңғы бөлігінде пайда болар. Одан кейін ғана сыртқы сипатын табар. Осыған ұқсас әр нәрсе де ғаламда пайда болар. Олардың суреті ләуһіл Махфузда пайда болып, одан кейін ғана ол нәрселер ғаламда пай- да болар. Көмейдегі сөз қуаты сіңір-жүйке та- мырларын іске қосар. Саусақ сіңірлі тамыр түзі- лісін, қаламды да іске қосар. Бұған ұқсас Хақ тағаланың ғаршы күрсіге тиісті періштелері бар, олар аспан жұлдыздарын іске қосар. Көмейдегі қуат сіңір-тамырлары арқылы саусақтарды қи- мылға келтіргендей, періште қызметкерлер жұл- дыздар орталығы және уақыт, сағат, ғаламдық төрт асыл (төрт элемент) – топырақ, су от, желді әрекетке келтіріп, іске қосар. Яғни қызулық, ыл- ғал және құрғақтық, ыстық-суықтық іске қосыла- тын болар.


Содан кейін қалам, сияны бөлек-бөлек пайда қылып дайындар. Енді «Бисмиллах» суреті қағаз- да өрнектелер. Осыған ұқсас періште уәкілдік- тері ыстық пен суық, төрт асылды іске қосар. Қағаз бен сияны істегенге ұқсас төрт асылдың (элемент) ылғалы сияқтыны қабыл қылар. Құр- ғақтық ол – көріністі сақтаушылардан, егер ыл- ғал болмаса, өрнек көрінісі пайда болмас. Егер құрғақтық болмаса, өрнек тұрақтамас. Сондық- тан саусақтардың көмегімен қалам іске кірісіп, өз істерін орындап, «Бисмиллах» суреті қиял- дағы өрнекке сай, қалау сезімдері жәрдемімен қағазға сурет болып жазылар. Осыған ұқсас төрт асыл – ыстық пен суық та іске кірісіп, пе- ріште өкілдерінің жәрдемімен өмір және өсімдіктер дүниесі, бәлкім, жалпы жаратылыс су- реті, ләуһл Махфуздағы суретке сәйкес дүние майданына келер. Сондықтан пенденің қылатын істері әуелі ділде пайда болар. Сонан сон адам діліндегісін өрнектегенде дене мемлекеті оны амалға асыруды мақұлдар. Бұған ұқсас Әзіреті Хақ тағала ғарышты жаратқыш және ғарыш- тың иесі бар құдірет кемелімен бірге ғарышты жаратып, ғалам мемлекетін жасауды амалға асырушыдан. Жүніс сүресінің 3-аятында: «Әзі- реті Хақ тағала ғарыштында иесі. Барлық ғалам мемлекет істерін амалға асырушы болар». Білгін, бұл қажетті де белгілі ақиқатта. Ақыли-ақиқатқа ашылған жаңалық – анық көрінуімен мағ- лұм болар. Ақиқатты білу керек, падишалықты падишалардан өзге кісі білмес. Егер Хақ нұрлы Аллах тағала жаратылысының мемлекетінде діл- ді падиша қылмаса, Әзіреті Құдай тағала ғалам падишалығын білмес еді. Енді шүкір қылғын,ол падиша ием сені жаратты, сол жаратылысының мемлекетіне сені падиша қылды. Сонымен, са- ған ділді ғарыш дайындап берді, көмекейлі күрсі пайда қылды, қазынайы қиялдан ләуһл Махфуза берді. Көз бен құлақ – бес сезімнен періштелерді пайда қылды.


Көмей күмбезінен барлық сіңірлі тамырларды таратып, оны аспан мен жұлдыздар іспетті жарат- ты. Және саусақ пен қалам, сияны ділге мүдделі етіп, бас игізді. Сонымен, сені жалғыз Аллах ме- кеніңді де, Тұлғаңды да баянсыз етті. Бұлардың бәріне сені падиша қылды және Хақ тағала саған тапсырды: өзіңнен және падишалығыңнан ғапұл болмағың, бұлардан ғапұл болсаң-пәруардігерден ғапұл болғаның. Шын мәнінде, Аллах тағала адамды өз суретіне ұқсастырып, бірге жаратты.


Ей, адам өзіңді және жаратушыңды білгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу