18.05.2022
  107


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

СИПАТТАРЫН ТАНУ

Сонымен, өз затыңды танымақпын, Хақ нұрлы тағаланың тұр-тұлғасын таныдың. Өзіңнің куә- ландыруыңмен Хақ Нұрлы Алла тағаланың пәк- тігі мен ғазиздігін таныдың. Енді Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланың пәктік мүбәрәктігіне кел- сек, ол сап таза және ғазиз теберік те және қиял- дайтын нәрселерден де таза. Ешбір жай, Алла тағаланың тұрақ жер мекені деуге болмайды. Адам жаратылысында да бұндай жағдайдың бел- гілері бар.


Рух ақиқатына діл деп ат қойдық. Бұл – сап таза, оған өлшем, мөлшер, сызу, eceп, әдет сыйыспай- ды, жоқ десек болады. Олардың қажеттігін керек етпейді. Оның түс-тұлға реңі де жоқ. Әр нәрсе- нің рең-түсі болмаса, өлшемі де болмас, қиял- дап сипаттауды да қолына түсіре алмас. Қолына түсірген оны көзімен көрген, немесе сол сияқты бір нәрсені көрген адам жоқ. Алуан түрлі реңдер сыртқы – тұлғалардан бөлек көз және қиялмен нені көріп, нені болжай аласың? Мәселен, ешкім білмеген нәрсені бұл немене деп сауал қылса айтар еді. Немене деудің мәнісі – қандай тұлға, үлкен бе, кіші қандай реңде демек. Ол нәрседе бұл сипаттар болмаса, бұл қандай деп сауал қою жоққа шығар еді. Егер де көңілің қаласа, немене өзі дегенге жол таппай тұрған нәрселерді айтар. Өз ақиқатыңа қарағанда, ақиқат орны ілім-білім болар тағдыр-жазмыш қабыл қылмасқа, өлшем мен мөлшер жол таппас. Егер бір кісі саған сауал қойып: «Рух немене өзі?» десе, жауабы: «Немене деудің өзі оған баратын жол таба алмас» дегін. Уақытымен өзіңді осы сипатта танысаң, Хақ та- ғаланың caп тазалығы, дәулеттілігі шектен тыс екенін білесің. Ал адамдар таңқаларлық діни болмыстағы түрлі нәрселер не үшін тұрлаусыз болар? Адамдар өз тәніне дұрыс есеп берсе, көп- теген нәрселер тұрлаусыз, баянсыз. Мысалға ға- шықтық дертін алайық, оның азабы мен ләззаты неліктен деп сауал қоюдың өзі дұрыс емес. Егер адам дыбыстың, дәм мен иістің ақиқатын білейін десе, қандай рең, қандай бейнелі суретте екенін біле алмас. Бұл тұрғыдан алғанда, неліктен дейтін қиял талабын тек көрумен ғана жүзеге асатынын білер еді Алайда сол нәрселерді құлақпен естіп білуге болар, көздің одан алар ешқандай үлесі жоқ. Өйткені дауысты көзбен көріп болмас. Сол сияқты сурет пен рең, түрлі-түстен құлақтың ба- хар алар ешқандай үлесі жоқ. Ол нәрселерді ақыл, ой және ділмен ғана білуге болады. Бұл сөздердің талдауын «Мақұлықат» атты кітабымда кеңінен талдағанмын. Осы айтқандарымның өзі жеткілік- ті шығар. Басты мақсат бұл айтылғандардан, адам өз затындағы сырт көзге сезілмейтін рухани ішкі жұмбақ сырлары көп екенін білуі керек. Хақ тағала заты болмыс тұлғасындағы: «Ол немене, неліктен?» дейтін қасиеттерін де білгенің жөн. Жан – бар нәрсе, ол – дененің падишасы. Дене- нің ішінде көп нәрсе бар, оны жіті сезім, зерек пайымдылықпен білуге болады. Соның бәрі де – жанның мемлекеті. Бұған ұқсас пәруардігер ға- лам күллі әлемнің падишасы болар. Ол мекенсіз де, тұлғасыз да. Әр нәрсенің мекені мен Өзіне тән тұлғасы арқылы сипатталатын зат екені белгілі. Әр нәрсенің белгілі мекені мен өзіне тән тұлғасы бар.Сондықтан діл бұлардан өзгеше, діл – Әзі- реті Алла тағаланың мемлекеті, сопы иелігінде болар. Ол – пәк тазалықтың белгісі. Әзіреті Нұр- лы Хақ тағала бір мекен-жайда тұрады деп айту- ға болмайды. Мәселен жан, қол мен аяқ, не баста немесе басқа бір ағзада деуге болмайды, мүмкін дененің барлық ағзасы тағдырын қабылдар, ал жан тағдырын қабылдамас. Қош, тағдырды қа- былдамайтын нәрсе, тағдырды қабыл қылатын нәрсе де, қарар табар, ол уақытта, жан да тағ- дырды қабыл қылушы болмағы ләзім болар. Со- нымен, жан, ешбір бөлек ағзаға тән емес және бірде-бір бөлегі оның ықпалынан шығып кете алмас, барлық дене жанның қамқорында. Ешбір нәрсе оның ықпалынан шетте емес. Мүмкін де- недегінің бәрі де дене жанының бұйрығын орын- дар. Жан – жалпы, дене.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу