18.05.2022
  120


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ТАҒАЛАНЫ ТАНУ

Өткен әнбиелер кітаптарында мынадай қаулы жазылыпты: «Өз жаратылысыңды танысаң, өз пәруардігеріңді танырсың». Ақбар шығармасында айтылыпты: «Әрбір кісі өз жаратылысын таныса, пәруардігерін де шын мәнінде, ақиқат таныр». Бұл сөздер жоғарыда айтылғандарға дәлел бо- лар. Адам жаратылысы айнаға ұқсар. Егер кісі айнаға қараса. Хақ Тағаланы көрер. Көптеген халықтар жаратылысының айнасына қараса да Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сен Хақ Тағаланы көретұғын жолмен, сол айнаға қарау тәсілін білгейсің. Ол екі түрлі тәсілмен қолға түсер. Әуелгісі жасырын (халі мүшкіл қураған ағаш сияқты), көптеген адамдар ол тәсілдің пайы- мына жете алмас. Сондықтан кісі пайымына сый- майтын сөзді айтудың өзі орынсыз. Екінші тәсілді жалпы халықтың пайымдауы оңай. Бұл оңай дегеніміз адам өз заттының болмысынан, Хақ нұрлы Алла тағаланың заты міндетті түрде орын- далуға тиіс болмысын таныр. Өзіндегі сипат- тардан,  Хақ  тағаланың  сипаты, құдіретті  тағ-


лымын білер. Өз мүлкі – өз денесін қолына алып,


иелік жасаудан Құдай тағала ғаламаның күллі ғаламға иелік етуін байқар. Бұл сөздердің мән- мағынасы, кісі – уақытында өз болмысын таныса, бұлғаламға келместен бұрын атасының белін- дегі бір тамшы судан пайда болғанын білер еді. Онда ақыл-ес, құлақ, көз, қол, аяқ, сүйек, сіңір, ет, тері жаратылған жоқ. Ал бұл ғажайыптар адам


болмысына өзінен-өзі пайда болды ма, я біреу пайда қылды ма? Ал сен осы халіңде бір түк сияқты нәрсені жаратуға шамаң келмес. Ал сен ол кезде бір тамшы су едің, бұдан да әлсіз халде едің. Енді сол әлжуаз затыңда бүл дәрежеге жеткізген, қадірлі табандылығымен, күш-қуатымен ерекше- ленген ғалам пәруардігерінің құдіретін тамаша қылғайсың. Әр уақытта адам өз денесіндегі тыс- қы және ішкі ғажайыптарына назар салса, жа- ратушының таңқаларлық құдіреттерін білер еді. Бір тамшы судан жетілдіріп, бұл сипаттағы ке- мелділікке, көрік-келбет, керемет сұлулыққа ие eтіп жаратыпты.


Сонымен, адам өз сипаттары ағзаларының си- рек кездесетін қасиеттерін көре білсе, сол сияқты тысқы ағза – қол, аяқ, көз, құлақ, тіл және ішкі ағза – бауыр, қараталақ, жүрек және бұдан басқа барлық таңданарлық та, сирек кездесетін сипатта- рының керемет екеніне таң берер. Xақ тағаланың ілімі мен құдіреттерін, кемелін білгейсің. Құдай тағаланың ілімі әр нәрсені мүхитша орап алған. Оның білетін ілімінен тыс еш нәрсе жоқ. Егер барлық нәрселер топтасып, қол ұрғанымен адам ағзаларының бір бөлігін де дәрежесінде жарата алмас. Хақ тағала жаратқан суреттен артығырақ, сұлуырақ сурет жасай алмайтынына ой жіберіп ұялса, ұқсату мүмкін емес. Мәселен, денедегі тіс суретінің және бір басқа суретте болмағын ойланса жетеді. Сонан соң, сол ауыздағы отыз екі тістерінің алдындағыларының ұшы өткір та- ғамды кесіп немесе үзіп жер. Ал азу жақ тістер тістердің анасы сипатты. Олар тағамды жаншып, диірмен сияқты майдалап ұсақтаса, тіл астынан сілемей су пайда болып, шайналған азыққа су қо- сып, дәм кіргізіп, асқазанына дайындап берер. Енді жалпы ғаламның ақыл-есі барлары, бұдан жақсырақ бір суретті жаратып, жүзеге келтіруі мүмкін емес. Осыған ұқсас саусақтар – бас бармақ төртеуінен бөлек суретте, басқаларынан оқшау- лау орналасқан, жуан, келтелеу. Бұлардың әрбірі- нің атқаратын міндеттері бөлек екені мәлім. Төрт бармақтың буындары үшеуден, бас бармақтың буыны екеу. Қолмен қалаған нәрсені ұстар, бұ- дан да бөлек қызметтерді атқарар. Егер барлық ақыл ғаламы жиналып, саусақтар суретін басқа бір сипатта болуын қалаған жағдайда, мәселен саусақтың бәрі-бірдей болуын немесе үш сау- сақтың бір суретте болуын, я саусақтардың ал- тау, я төртеу болуын, бұдан өзге де суретте жа- ратылуын қаласа, әлбетте, бәрібір ойдағыдай жетілген кемелділікте бола қоймас. Шындық осыны дәлелдер. Хақ нұрлы Алла тағала аса бір шеберлікпен жаратқаны мәлім екенін осылардан байқауға болады. Жаратушы – бар ғаламға мұхит сияқты екенін, барлық ғаламдағы нәрселердің даналықпен өз орнына сай жаратылғанына осы- лардың өзі дәлел.


Сонымен, адам ағзаларының әр бөлігінде бұл сияқты керекті жайттарға назар салсақ, ол ағза- лар тағам мен киім-кешек, мезгіл мен мекен және бұдан да басқа темір мен мыстан болған құрал- дар, басқа да нәрселерді Хақ Нұрлы Тағала өз қалауымен жаратыпты. Енді бұл пайда болған сөздерден пенделердің Хақ тағала пенделері- не деген мейірбандығын білуі шарт, сондықтан Хақ тағала: «Менің мейірім-шапағатым ғаза- бымда белгілі» депті. Әзіреті пайғамбар (С.Э.У.):


«Хақ тағаланың пенделеріне шапағаты және мар- хабаты сүт емізген балаға анасының шапағат мар- хабатынан да артық» депті. Енді адамзатының күш-құдіретіне Әзіреті жаратушы қадірімен ке- мелділігі белгілі болды. Қоршаған ортаның күш- қадірінен, Алла тағала ғаламының ілімі барлық нәрселерге мұхиттығын аңғартар. Бұл өз аты- рабының мән-мағынасын және ғажайып қа- сиеттерін біліп, хабардар болуы – Хақ тағаланың құдіреті мен кемелдігін көрсетер. Пенде өзіне ке- рексіз болатын, я қажет уақытта керек болатын әсемдік, безену үшін керекті нәрселер өзінде, өзінің ықтиярында. Барлығы Хақ тағаланың өл- шеусіз жарылқайтын мархабаттарын білдірер. Осы себептен де өз жаратылысыңды танымақ


– Хақ нұрлы Алла тағала ілімінің кілті екенін білгін.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу