18.05.2022
  161


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

АДАМҒА СЫЙ – ДІЛ ГАУҺАРЫ

Жоғарыда айтылғаннан діл гауһарының шара- патын және ұлықтығын білдің. Енді сол ғазиз гауһарды саған кім берді және денеңе кім пай- да қылды? Сол қымбат баға гауһарды талап қылмасаң құралақан бос қаларсың. Бұл жағдай өзіңе ісгеген қиянат және зиянкестік болар. Жа- дыңда болсын, діл гауһарын қалап, дүниенің сан түрлі оны-бұнысының парқын ажыратып, ша- рапатын кемелдендіре біл. Ділдің ақыреттегі із- ет-шарапаты сол болар – оның өлшеусіз мәңгі бақилығы, есепсіз құдіреттілігі және шүбасыз бі- лімділігімен Хақ тағаланың жамалын көрмектік. Жалпы, ділдің бұл ғаламдағы шарапаты сол – ділдің ақіретте ізет шарапатын көрмек-ті. Оны табуды лайықты істермен қолға түсіргейсің және бұл күндерде адамнан сорлы бейшаралау нәрсе жоқ шығар – аштық пен сусау, ыстық пен суық, бейнет пен қасірет қайғылардың тұтқыны деуге болады, Әр нәрсе оған ләззат, рақат кейде зиянды да жеткізеді. Олардың ақыры ренжу, машақаттар болып шығар.


Сонымен, әр кісінің ізеті мен шарапаты ілім және күш-қуат құдіретімен, не қымбатымен не болмаса, сұлу сипат суретімен болар. Адамның іліміне назар салсаң, одан азапты жоқ. Егер кө- мейдегі бір тамырға зиян жетсе, қатерлі хал бо- лар, оның ләжі не болар? Егер оның қуаты мен құдіретіне қарасаң, одан әлсіз нәрсе жоқ, егер маса-сона тұмсығын қадаса, ұйқысызданып бей- жай болар. Егер оның қымбаттығына назар сал- саң, тағамнан бір ноқат сияқты нәрсе зардап жеткізсе, ренжу болар. Егер жамалы мен сурет- ке назар салсаң, халі мүшкілдерден іші толы бір былғаныш, екі күн өзін жумаса кір-қоңдылықтан рәсуә болар.


Хикаят. Бір күні шайық Әбу-Сайд сопыла- рымен сейілге шығып, бір жерге жетеді. Әжет- хана қиын сол жерге шығарып тастаған еді. Со- пылар мұрындарын ұстап, беттерін бұрып тұр- ды. Шайық біраз басын төмен салып тұрды мү- ридтеріне қарап: «Бұл лас нәжістердің маған айтқан сөзін естідіңдер ме?» деді. «Аңғармадық» деп жауап берді мүридтері. Шайық айтты: «Бұл нәжістің маған айтқаны, мен күндіз-түні әр түр- лі әсем безендірілген күйімде сатушылар мен аспаздардың алдында тұратын едім, сіздер қал- таларыңыздан динар, дирхем теңгелерін беріп, мені қолға түсірдіңіздер. Сіздерменен бір түн де сұхбаттас бола алмастан, бұл халге түстім. Ме- нің сіздерден қашқаным жөн бе, я сіздер менен қашасыздар ма?» деді. Мүридтер бұл істерден қатты қынжылды.


Сонымен, ақиқатына келсек, адам бұл ғаламда есепсіз олқылық, әлсіз шарасыздықтан, опасыздық- тан құры емес және оның барар жайы қияметте болар. Егер бақыт химиясын көңіліңе алсаң, оны амал қылсаң, хайуандық мәртебесінен періштелік мәртебеге көтерілерсің. Ал егер дүниеге көңіл қойсаң, қиямет күні ит пен доңыздан жаман бо- ларсың. Саған айтарым, ғаріптер топырақ бо- лып, тозақ азабынан аман, тыныш болар екен. Ал күнәлілер, тозақ азабына тап болады екен. Сон- дықтан шарапат жол-жорығын таныдың. Енді кемшілік, бейшаралығыңды да білгейсің. Ілім- білімнің пайда болуы – Хақ тағала ілімдерінің кілті. Енді өзіңді танымаққа лайықты айтылған сөздер, жеткілікті шығар. Бұл кітап қысқаша бол- ғандыктан бұдан артық талдауды көтер алмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу