18.05.2022
  230


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДЕНЕ, АДАМНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНДАҒЫ САН ТҮРЛІ ҒАЖАЙЬПТАР

Діл ғаламы гауһарының сипаттары бұл кіта- бымда мұншалықты айтылғаны жететін шығар. Егер оқырман бұдан көбірек білуді қаласа «Ға- жайып құлып» деген кітапта баяндағанмын. Ол кітапты жақсылап оқысын. Сонда да екі кітап- ты оқығанымен, адам өзін түгелдей тани алмас.


 


Өйткені, бүл екі кітапта да адамдағы ділдің кейбір сипаттары ғана еді.


Біліп алғын, діл сипаты бір таяныш тіреу болса, тон сипаты да бір таяныш тіреу сияқты. Тән – адамның жаратылысы. Ол бастағы болмысында көптеген ғажайыптар бар және әрбір мүшелері- нің сырты мен ішінде ғажайып мағыналар мен әрбірінде тіпті, кем ұшырайтын хикметтер сырлар бар.


Адамның тәнінде неше мың сіңір мен тамыр және сүйектер, әрбірі бір бөлек бола тұра, бір- біріне тәуелді байланысты болып түзілген. Бір сипаттары арнайы жолдармен ұштаса демеп, бір- бірінің мүддесіне қызмет ету үшін жаратылыпты. Бұлардың сен бәрінен де хабарсызсың. Қолды ұстау үшін, аяқты жүру үшін, тілді сөйлеу үшін жаратқанын білерсің. Жалпы біліп алғын, көзді он қабат түрлі-түрлі нәрселерден жаратыпты. Бұл он қабаттың әрбіріне тосқауыл зиян жетсе көруге нұқсан келтірер. Бұл он қабаттың әрбірін Хақ тағала бір-біріне мұқтаж етіп, қошеметпен қызмет етуге жаратыпты. Көрудің бұларға не үшін қажеті бар? Көзді ғылыми кітаптарда жан- жақты зерттеп талдапты. Жануарлардың ішкі ағ- заларының қасиетінен бейхабарсың. Мысалы, бауыр, қараталақ, өт, бүйрек, қуық және тағы басқаларды жаратыпты.


Біліп алғын, түрлі қажетті тағамдар асқазан арқылы бауырға барар, бауыр оның қажеттісін сұрыптап, қанның қалабына түсірер. Денеге сі- ңіруге қолайлы жағдайлар жасар.Уақытымен қан бауырда жетіліп, шамаға келсе, одан біраз залал- зардап қалдығы шығар, олар запыран сияқты.


 


Бұларды бауырдан бөліп алу үшін, қараталақты жаратыпты.Ол запыран сияқтыларды өтке жи- нап, қанды тазартып, денеге жіберер. Өтті сол үшін жаратыпты. Ол сары көбік сауда запыран- ды бауырдан сорып алар. Кейде қан бауырдан шыққанда қою және қуатсыз болар. Ол үшін бүйректі жаратыпты. Ол запыран көбікті бауыр- дан алар, сол сияқты артық суды да алып, қан сауда запырансыз тамырларға жетер. Ал егер өт- ке зиян жетсе, қанға запыран араласып барады. Ондай жағдайда адамның көзі, денелері сарғайьп кетер. Сары кесел пайда болады. Бұдан басқа да запыранға байланысты кеселдер бар. Ал қарата- лақ зияндалса, сары көбік қанға араласар. Содан барып саудайлық кеселі пайда болады. Ал егер бүйрекке кесел жетсе, су қанға араласар одан қарынға су жиылу кеселі пайда болар. Айта берсек, бұларға ұқсас ғажап жайлар дененің сырт және ішкi дүниесінде әрбіреуін, әрбір істі атқару үшін жаратыпты. Денеге бұларсыз нұқ- сан келеді. Адамның денесі бұл сипатта шо- ғырланғандығынан әлемдегі барлық жанды нәрселерден кемелдісі болар. Бұл ғаламда неше түрлі нәрселер бар болса,адам денесінде олардың бір белгісі бар деуге болады. Сондықтан сүйек тауға ұқсар. Тамыр жаңбырға, дене түктері тал- дарға, таңдай аспанға, қалау қасиеттері жұлдыз- дар нышанына ұқсар. Айта берсек, бұл сипат- тағы сөздер түсініктемесінің есебімен саны жоқ. Бәлкім, дүниедегі бар нәрселердің бәрі де адам денесінде бар сияқты.


Сондықтан да доңыз, бөрі және ит пен басқа да төртаяқтыларды, пері мен періштелер және басқаларды жоғарыда мәлімдедік. Барлық әлем ішіндегі өнерлілер мысалын адам денесінен кө- руге болады. Мәселен, қуат сипатын қарынмен байланыстырар, қарын аспаз мысалы, тағамды пісіріп бір жөнге келтірер және ол қуат тағам- ның таза маңызын бауырға, ал ауыр қалдықтарын ішекке қарай бөліп жіберетін бағбан сипатты. Ол қуат тағамды бауыр арқылы қан реңіне келті- ріп, рең беретін бояушыға ұқсас. Сол қуат қанды қатындардың көкірегінде ағартып сүт етеді. Ерін- нің тіл астынан ас сіңіруге себепкер сілекей су шығарып, тағамның керектілерін өзіне тартар. Тағы да сол қуат, бауырдың суын тартып, қуыққа жеткізетін қушығы ұқсар.


Тағы да сол қуат деген қалдықты ішек арқылы тысқа шығаратын сыпыратын қызметкерге ұқсар. Сол қуат денедегі сауда запырандар зиян етпеу үшін тысқа шығарып жіберетін әділ емірлерге ұқсар. Бұл сөздердің де талдайтын, түсініктеме беретіндері өте көп. Жалпы айтылмақ мақсатты білгенің жөн, дененің ішкі әлемінде есепсіз жан-


жануар, жәндіктердің бәрі күндіз-түні сенің қыз-


метіңде болып, бір сәт те дамыл таппайды.


Алайда сен ұйқы ғапілетіненсің, не бұл қыз- меткерлерді білерсің, не білмессің. Білсең, бұл қызметкерлерді берушіге шүкірлігіңді айтып ри- залық борышыңды орындарсың. Егер саған бір адам бір қызметкерін бір жылға пайдалануға бер- се, бар өміріңде сол адамға рахметіңді айтып, оның алдында борышты екеніңді мойындайсың. Алайда Алла тағала сан мың қызметкерлерін де- неңдегі ішкі және сыртқы дүниеңе қызмет етуге сый етіпті. Олар бір сәт те қызметінен хабарсыз болмас. Сол ұлық затты, оның сыйлаған қызмет- керлерін, еш жадыңда сақтамайсың. Шүкірлік ақысын қайтаруды ойыңа да алмайсың. Енді перзент, білгенің жөн, тысқы және ішкі ағза мү- шелерін зерттейтін ілімді «ташрих» (анатомия) деп айтар. Ол ілімнен халықтың көбі хабарсыз. Оны дәрігер тәуіп болу үшін оқиды. Ал дәрігер- лік емдеу ілімі керемет жақсы ілім. Оны ұстаз болу үшін оқиды. Бұл ілімді білмеген жан, тағ- лім ілімін біле алмас. Алайда бұл ілімді білген кісі Хақ нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек кездесетін жаратылыс құдіреттерін білумен үш қасиет пайда болар. Біріншісі – бұл дүние, бұл қалыпты жаратушы өзінің қадір-қасиетімен ең кемелділерден, ешқандай айып-кемшілік оның құдіретіне жол таба алмас. Әр істі қалауынша іс- тей алар және ешнәрсе де одан ғажабырақ емес. Бір тамшы судан адам жаратып, оны халық қата- рына қосады. Ал бұл сияқты керемет иесін өл- геннен соң тірілтпек тіптен оңай. Екіншісі – Хақ тағала ғұлама ең кемелділерден, өйткен оның керемет жақсы ілімдері мұхит сипатты. Бұл сияқ- ты ғажайып мақлұқаттарды ұлы даналықпен жа- рату, кемел ілімінсіз, негізінен, сірә да мүмкін емес. Үшіншісі – Әзіреті Хақ нұрлы Алла таға- ланың пенделеріне жарылқаған мархабаты, қам- қорлығы адам баласынан басқа ешкімде де жоқ, пенделерге керекті нәрселердің бәрін жаратып- ты. Ешнәрседен кем қылмапты және ол нар- селердің болмағы кажет екенін біліп, бәрін де түгелдепті. Сондықтан діл мен бауыр және басқа да адам ағзалары, қол мен аяқ, тіл мен көз, басқа да мүшелердің болғандығынан – тән сұлулығы пайда болар. Бұларға да ие қылыпты, сол сияқты түктердің қаралығы, еріннің қызылдығы, қастың иірлігі, кірпіктің туралығы және бұдан да бас- қа көріктілік қасиеттерді беріпті. Хақ тағаланың қамқорлық сыйлары жеке бір адамға тән емес. Семірікқұс, шегір баяннан масаға дейін, пілден шымалға дейін, бәрі де жаратылысқа жат емес, қатынасы барлардан. Бәрін де түрлі-түрлі сурет, рең өрнектермен сипаттар беріпті.


Сонымен, дененің жаратылысына, түзіліміне назар салмақтық – Хақ нұрлы Алла тағаланың ілім-білімінің кілті болар. Сол себептен де оны ілім-шарип деп атайды. Шарапаты тәуіптердің ісі түскені ғана емес. Сондықтан «Шердар» және өз- ге де кітап өнерлерінің, өнеркәсіп ғажайыптары мен оны кемде-кем кездесетіндері ақындар мен жазушылар, өнерпаздар, қадірін білерсің. Хақ нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек кезде- сетіндерді  жарату  құдіретін  көре  білудің  өзі.


Әзіреті Хақ нұрлы тағаланың сипаты  мен жо-


лын танудың бір кілті болар. Сонымен, дене ілі- мін білмек – өз жаратылысын танымақтың бір тарауы.


Бірақ ол – діл іліміне қатысты сипаттама бе- румен қысқаша тұжырымдалмақ. Алайда тән – мінетін ат-көлікке ұқсас, ал діл – атқа мінетін ша- бандозға ұқсайды. О баста жаратылысынан ар- ғымақ аттар шабандоздар үшін жаратылыпты. Енді өзіңді оңай тани білгін, ешнәрсе өзіңе өз- геден жақын емес. Әр кісі өз жаратылысын та- нымай, өзге нәрселердің ақиқатын білуді қаласа, ол – кедейлерге ұқсас. Ол жеуге нан таппаса да қаладағы мүсәпір бейшараларға нан берсем деп, бостан-босқа әуреленер. Бұл сияқты құрғақ талаптың сырты бүтін болғанымен, іші бос – бір нәрсе бар сияқты болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу