18.05.2022
  290


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

АДАМДАРДЫҢ БИІК БАҚЫТЫ ОЙ- ПІКІР САНАСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ДӘЛЕЛІ

Діл – адамдардың биік бақыты, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланы танымақта себепкер еке- нін қандай дәлелмен білеміз? Оны мына дәлел- мен білгенің жөн. Әр нәрсенің бақыты – сол нәрселердің рақаты мен ләззатында болар, егер оны табиғаты жақтыратын болса. Ал табиғаты оны жарата қойсын, оны ол не үшін құрметтер, не себеппен мадақтағай? Байқасаң, шауһат құ- марлығының қалауы – өз талап тілегіне жету- ді ойласа, ашу ғазаптың қалауы қарсыласын сынамақ, яғни өшін алудың жолында болар.Көз- дің қалауы – келісімді сұлу сурет, көрікті, таби- ғи әдемілікті қалар. Құлақтың қалауы – әсем ән, әсерлі дауыс естігісі келеді. Осыларға ұқсас діл- дің қалауының өзіне тән қасиеті болар. Ділді сол үшін құрметтер. Діл адамның ардақтайтын қалау- лы қасиеті. Ділдің қасиеті сол болар, Хақ нұрлы Алла тағаланы аспан көк сипаттарынан бастап, барлық дүниедегі заттардың ақиқатын білуінде. Барлық шауһат шабыты, ашу-ғазабы, басқаларды да бес сезім жолымен білуге болады. Бұл қасиет үй жануарларында да бар, осы тұрғыдан алып қарағанда, адам өзі білмеген нәрселерді білмекке талап, әрекет қылады. Оны уақытында білсе, кө- ңілі шаттанар. Егер білуге ықыласы болмаған жағдайда, көңілсіз болмас. Мысалы шатраж ойынына ұқсас шатражды білетін адамға, ойнамағын деп айтсаң, сабыр етіп тоқтауы өте қиын. Өйт- кені, ол өте қызық ойын. Оны ойнауды мақтаныш та мәртебе көрер. Ділдің қалауы – ақиқат жақсы істерді білу болар. Қай нәрсенің ілімдік тағлымы, ғазиз және игілікті іс екенін, оның ләззатының да толық екенін білгейсің.Біреу уәзірімен көңіл- дес болып, падиша ахуалынан хабары болса, әл- бетте, шат болар. Ал падишамен дос, көңілдес болып мемлекет жағдайынан хабардар болса, оның шаттығы одан асып түсер. Егер сызу ілімін меңгеріп, аспан-көктің мөлшерін білген кісінің ләззаты, падишаның ләззатынан, шатранж біл- ген кісінің ләззаты одан да артығырақ. Әр түрлі нәрселерді білу жақсы қасиет. Жақсының ләззаты да ұлығырақ.


Сонымен, дүниеде бар нәрсенің Алла тағала- дан артығырағы жоқ. Барлық нәрселердің жақсы- лық шарапаты соның қолында. Жалпы ғаламның падишасы да – сол. Бұл ғаламның ғажайыптары да Хақ тағаланың жарату құдіретінің күшінен болар, яғни Алла құдіретінің нышан белгілері болар. Шын мәнінде, ол ешқандай ілім-білім Хақ Тағаланың білімділігінен ғазиз да, артық та емес. Ешбір көрегендік Әзіреті пәруардігер ғалам иесінің ғажайып өнері, теңдесі жоқ күш құдіретінің көрегендігінен артық та, ләзатты да емес. Өйткені, ділдің табиғи қалауы да, талабы да, тілегі де осы. Ділді сол үшін жаратыпты.


Сол ділде, бұл ілім-білім қалауы да, талабы да, дерті де денеге ұқсас қарама-қайшы екен. Оның назарында киім мен нанның парқы болмас. Егер дертті жанның сауығуына дәрі беріп, іштаһасы ашылып, тәбеті жайына келмесе, ол дертті бақыт- сыздығынан әуре-сарсаң болар. Ол дүниенің кө- ңіл зауқына басым келіп, Әзіреті Хақ нұрлы Алла Тағаланың ілім-білімге деген зауқына сай болмаса, әлбетте, ол дертті болып қала бермек. Егер жедел шара қолданбаса,дүниеде қарабет бо- лып жеңіліс табар. Түрлі ерекшеліктің өзіне тән ләззаты болар. Көңіл зауқы да адамның денесінен орын тебер. Бәрі де текке өлмекпен жоқ болар. Ол зауықпен ләззаттар, ал қаншама ренжу мен азапты еңбектері зая кетер. Әзіреті Хақ, Нұрлы Алла тағаланың ілім-білімі мен ләззаты ділден берік орын тауып, өлген күнде де жоқ болмас. Бәлкім, сан рет іске асар, бәрібір адамдық діл жоғалмас. Аллалық білім-ілім де ділде мәңгі бақи сақталар, таза күйінде раушандана берер. Бұл сөздердің жалғасын осы кітаптың соңында- ғы «Махаббат жолдары» тарауында баяндармын. Иншалла Тағала.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу