18.05.2022
  161


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛДІҢ ШАРАПАТТАРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ

Адамдар бұл сияқты мағыналарды білмеген екен. Ақиқаттың мөрі мен ұлықтығынан ешқан- дай хабары болмапты. Дауыссыз есіту, Пайғам- барлық мөр, нұбибат және уалилік – діл ғаламы- ның дәреже шарапатынан дедік. Бұл мағына- ның мәнінде үш қасиет бар: бірі – не нәрсені де жалпы халық түсінде көрер, Пайғамбар мен уали оны ояу кезінде де көре алар; екіншісі – жалпы халықтың ділі, өз денесіне ғана әсер қылар. Ал Пайғамбарлар мен уалилер басқалардың денесі- не әсер қылар; үшіншісі – жалпы халық оқумен, үйренумен ілім-білімге ие болар. Ал олардың қасиеті кісіден үйренбейді. Хақ тағала олардың ішкі жан дүниесін кемелдендіріп білдіріп қояр. Зерек те таза ділді болғандықтан, көптеген ілім- дерді үйренбей-ақ біліп алар. Бұл сипаттағы ілім- дерді іліми Ладуный дейді, яғни Аллалық ілім дейді.Сондықтан да Хақ тағала Қахф сүресінің 65-аятында: «Біз Пайғамбарға Алла ілімінің бағ- зыларын білдірдік» депті.


Осы үш қасиет бар кісі – Алланың Пай- ғамбары, не әулиелер қатарында болар. Егер бұл үш дәреженің бірі ғана болса,соншалықты айыр- машылығы да болар. Хазіреті расулі (С.Ә.У.) ке- мелі мен шарапаты осы үш дәрежеге де ие еді. Хақ тағаланың қалауымен жалпы халыққа ән- хазірет алайхи салламның мөр нүбибаты барын білдірген. Пайғамбар алайхи салламның айтқан- дарын істеумен мәңгі бақилық бақытқа қолың жетер.


Міне үш қасиетті Алла тағала адам баласына сый еткен. Сондықтан түс көрмек бір қасиет, ақыл-парасатты беріпті. Екіншісі, ілім алуды та- бандылықпен үйрену ақиқаты, үшінші қасиет болар. Адамдарға өз нәсіл затында нәрселерді куәландыру мүмкін емес. Әрбір нәрсе діл арқы- лы суретінен көрмесе оны анық, айқын біле [ал- майды]. Осы себептерден де Әзіреті Хақ нұрлы Алланың ақиқатын өзінен өзге ешкім де біле алмас. Бұның жолы есепсіз көп. «Маонийн Ас-моұллах» [Алла Тағаланың көркем есімдерінің мағыналары] бұны жан-жақты анықтап баяндап бердім. Айта кетейін дегенім, әулие- әнбиелерде бұл үш қасиеттен басқа да қасиеттер болуы мүм- кін, бірақ оны біз білмейміз. Бір анығы – ондай қасиеттер біздің жаратылысымызда түп орнымен жоқ деуге болады. Сондықтан нұрлы Хақ тағала сырын өзінен өзге ешкім де біле алмас. Бұған ұқсас әнбиелердің қадір-қасиет шарапаттарын әнбиелердің өздері білер, біздің іліміміздің ша- ма-шарқы әнбиелердің қадір-қасиетін игеріп қам- тып ала алмас. Сондықтанда нұрлы Хақ тағала бізге ұйқыны беріпті. Біреу бізге ұйқы жайында әңгімелеп бер десе, ұйқы деп соны айтуға болады – егер кісі өзінен хабарсыз болып, бар- лық іс-әрекеттен қол үзіп, есту, сөйлеу, көру, ұялу қасиегтерінен айырылса. Егер ояу болса көреді, естиді және басқа да нәрселермен шұғылданып, олардың қадір-қасиетін білер еді. Бұл әңгімелер- ге біз онша мән бермейміз. Сондықтан Хақ тағала Құрандағы Жүніс сүресінің 39-аятында:


«Олар Құран іліміндегі аяттардың мән-мағына- сын білмей тұрып, жалған айтады» депті. Ал Ахкоф сүресінің 2-аятында: «Олар өздері тура жолды таба алмай, бұл ескі үлгі – ескі қалып дейді» деп мәлімдепті. Бұл сияқты таңданарлық қасиеттер әулиелер мен әнбиелерде ғана болар. Ол сипаттардың ерен қасиеттерімен ләззаттануға болады. Ал басқаларда бұл сияқты сипаттар бола бермес, ондай ләззаттардан құры алақан болар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу