18.05.2022
  183


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ ҒАЛАМЫ ҒАЖАЙЫПТАРЫ ШЕКСІЗДІГІ

Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң, бар- лық нәрселерден ғажайыптығымен ерекшеленеді. Көптеген адамдар оның қыр-сыры ақиқатынан хабарсыз. Сонымен, ділдің шарапатын екі жағы- нан байқауға болады: бірі – ілім жағынан болса, екіншісі – құдірет күші болар. Алайда, ділдің шарапаты ілімдік жағынан қарағанда екі топқа бөлінеді: біреуі – көзге көрінетіндерден, жалпы халық білетін болса, екіншісі – көзге көрінбейтін, жасырын болғандықтан, әркім біле бермес. Сон- дықтан да бұл бөлігі біріншіден ғазиздеу болар. Алайда, бірінші бөлігі көзге зайыр көрініп тұр- ғандықтан, оны жалпы жұрт біледі.


Осы тұрғыдан қарағанда ділде барлық ілімді, барлық өнерді еркін білетін күш-қуат бар. Бар- лық кітаптардың мәнісін түсінер сондай-ақ сызу ілімі мен есеп ілімі, дәрігерлік ілімі мен астроно- мия, жұлдызнама ілімдерін, шариғат ілімі басқа да түрлі кәсіп ілімдерін айтуға болады.


Соған да қарамастан, ділдің бір бөлігі тағдыр үшін қабылданбас. Бар ілім оның қалыбына сыйып кетуге лайықты. Бәлкім, барлық ғалам- ды ділге сыйғызып жіберу – дарияның тамшысы тәріздес. Әрбір сәтте өзінің пікір-әрекетімен тө- меннен ең биікке, шығыстан батысқа сейіл құра алар. Солай болса да, ол жер топырағына аяқ тіреп аялдайтындардан және барлап аспан жұл- дыздары сызық жолдарының барар бағдарын бі- леді. Балықты иламен дария тереңінен шығарар. Аспан ауасында ұшқан құсты жерге түсірер, жол- барыс пен пілді, жылқыны және бұдан басқа жан- жануарлардың күштілерін өзіне бағындырар. Әр- бір нәрселер ғалам ғажайыптарынан, оларды да іліммен тану, қалау – бес сезім арқылы жүзеге асады. Бұлардың да ғажабы, ділдің ішкі жағымен періштелер ғаламы – жәннат бағының есігін ашу- ға мүмкіншілігі бар болар. Сонымен, ділдің тыс- қы жағынан ғалам табиғи болмысындағы нәрсе- лерді танитын бес сезім – яғни бес дарбазаның ашық екені.


Ғалам болмысындағы нәрселерге түрлі заттар жатады. Ғалам періштелер деп рухани ғаламды айтады. Толығырақ айтсақ, ғалам халқы – ға- ламдық денелер, заттар. Ал ілімнің жолы деп бес сезім қалауын айтар. Бұл ілімнің де өмірі қыс- қа. Ділдің ішкі жағын ғалами періштенің тұрақ- жайы деуге екі дәлел бар: оның бірі – түс көру. Адам ұйқыға барған кезде сезім жолы байланар. Сол кезде діл құдіреті күшінде болар, яғни ділден тысқарыға түндік ашылып, періштелер ғаламы- нан лауһіл-мақпұздан ғайып істерді көрер. Ал- дағы болар нәрседен хабар берер. Біреулері ай- дан анық көрінсе, біреулеріне түсініктеме қажет болар. Ілімді үйрену үшін ұйықтамау зиянды деп адамдар күмән қылады екен. Алайда ояу кезде ғайыпты болжай алмайды. Ал түс көргенде ғайыпты болжап біледі. Түс көрмектегі шындық ақиқатты бұл кітапта талдап баяндап беру мүмкін емес. Сонда да бір ғана білгенің жөн: діл – айна сияқты. Лауһіл-махпұз айнаға ұқсар, онда барлық нәрсенің суреті жазылып қойылған. Сондық- тан, екі нәрсені қарама-қарсы қойса, бір айнадан сурет екінші айнаға түскенге – ұқсас, лауһіл- мақпұздағы бейнелердің суреті де – осылай, діл айнасынан көрінер. Бұл мәртебе сол кезде пайда болар – ол діл айнасы таза болып, сезім сәулесінен өзінің парқын бөліп, періште ғаламына өткізіп, пайда қылса, сонда ғана періштелер ғаламы ға- жайыптарды көзге көрсетер. Егер қалау жолы ұйқысынан тұрған жағдайда бәрібір қиял өз жайында ұқыптылықпен тұрар. Бұл тұрғыдан алғанда, көрген нәрселерді қиял құралының мысал пердесінен көрер. Алайда, анық раушан күйінде көре алмас. Адам уақыты жетіп, опат болса, не қиял қалар немесе қалау қалар. Әр нәр- сені ешқандай тосқынсыз көрер. Сондықтан, Хақ тағаланың Құран Кәрімдегі Қап сүресінің 12-аятында: «Қатты күнді сізге қияметте тосылған кезде көрсетеміз» депті. Сол сияқты Сажда сүресінің 12-аятында: «Пәруардігер біздерді ғиб- рат көзімен көретін қыл, жан құлағымен естіп, жақсы амал істейтіндерден еткейсіз деп Алла тағалаға жалбарынады және «қиямет күнінің қорқынышын көрдік, сүрдің даусын естідік. Сен бізді қайта фәни дүниеге жібер, біз енді жақсы істерді істейміз» дейді. Ділдің барар ар- ман-мекені, періштелердің тұрақ-жай екенінің екінші дәлелі – ғажап, сирек парасатты және таңданарлық  мәслихаттар  Алланың  айтуымен көңіліне түсетін ешқандай адам жоқ. Сондықтан да бұл мәселе Алланың қалау жолы болмайды. Бәлкім, ғалам ғайыптан діл мекен-жайына түс- кен болар, яғни Аллаға тән рух болар. Енді бұл дәлелмен біліп алғын, діл – бұл ғаламнан емес, бәлкім періштелер ғаламынан екен және қалау, ықылас әуестігін, бұл ғалым ілімін кәсіп қылмау үшін жаратты. Әлсіз, нашар ділге періште ғаламы нұрлы жайларын көруге перде тосқауыл болар. Қашан қалау ықыласы кемелденбейінше, періште ғаламына жол таппас.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу