18.05.2022
  336


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ІШКІ ДҮНИЕНІҢ ТӨРТ ҚЫЗМЕТКЕРІН БАҒЫНДЫРУ

Ішкі жан-дүниеңде төрт қызметкердің барын білетін боларсың: отырмақ және тұрмақ, тіпті әр түрлі жағдайда өз әліңе ықтиятпенен қарағын, бұл төрт бұйрық берушілердің қайсысына бой-ұсынатыныңды анықтап алғын. Әрбір пейіл құ- ны саған жүз беріп байқала қалса, ол пейілдің бір сипаты көңіліңде сақталсын.


Көңілің жай тауып, ол ғаламға сенімен бірге барар. Бұл сипаттарды адамгерішлік дейді. Бар- лық адамгершілік, осы айтылған төрт іс жүргі- зушілерге байланысты пайда болар. Егер шауһат доңызының ықпалында болсаң, сенде ұятсыз- дық, нас, ластық сипаты, құмарлық, бақылдық пен қарабеттік, бұлардан да басқа жаман сипат- тар пайда болар. Егер төмен шауһатты, яғни доңыз шауһатты нәпсіні жеңіп, оны қолға алып әдеппен ұстасаң, сенің қол астыңда тәртіп пен қанағат сипаты және ұят, парасаттылық, зеректік, тахуалық, яғни пәктік, дәмеленбеушілік сипаттар пайда болар. Егер ашу иттің ықпалында болсаң, сенде жаман істерге бейімділік, настық, ожар- лық және өзін жоғары, өзгені төмен қор санамақ, халыққа азар бермек және бұдан да басқа жаман сипаттар пайда болар. Егер ашу итті өз билігіңде әдеппен тұтсаң, сенде сабыр сипаты және біреу- дің ауырын көтермек, кешірімділік, қошкөңілді- лік, жомарттық сияқты сипаттар пайда болады. Егер ол шайтанның ісін істегісі келсе, оның ісі шауһат доңызы мен ашу итті орнынан қозғап, бұларды шыр айналдырып, ила-мекерлігін үй- ретер. Сонымен, шайтанның ықпалында болсаң, сен де жақсы амалдан қиянат сипатын қолдап, ақты «қара» деп көз бояп, халыққа теріс жол көрсетіп, тура жолдан адасарсың. Бұдан басқа да жаман істер көрініс беруі ықтимал. Егер ол шайтанның мекерлігін істемей, оның мекерлік иласына кіріптар болмаса, яғни алданбаса ақыл сарбазына жар жолдас болса, сенде ұлықтық қасиет және ілім, білім, хикмет, жақсылыққа жаны құмар көсемдік сипаттар пайда болар. Бұл жақсы қасиеттер сенің ықтиярыңда дәйімі болса бақыт ұрығын қолыңа келтірерсің. Жамандық туындайтын кейбір пейілдер бар, оны күнә деп атайды. Кейбір пейіл-құн болады – олардан жақ- сы сипаттар пайда болады, оны тағат деп атай- ды. Адамдардың өлмек-тұрмағы осы екі жағдай- дан шет болмайды. Шын мәнінде, адам ділі рау- шан-айна сияқты. Ал жаман сипаттар зұлматқа ұқсар. Егер діл айнасын шаң басатын болса, сөз жоқ оны қараңғыландырар, қиямет күні Әзіреті пәруардігердің жамалын, өз кемелін де көре алмастан, мақұрым қалар.


Ал жақсы сипаттар нұрға ұқсас, ол нұр – діл айнасында қарар тапса, барлық зұлмат күнәларды айқын көрсетіп тұрар. Осыған байланысты Әзі- реті расулі әкірам саллалаху әлейкі уассалам ай- тыпты: «Әрбір жаман амалдан кейін бір жақсы амал істегін, сол жақсы амалың жаман істерің- ді жоқ қылар». Сонымен, қиямет күнінде рау- шан ділдер Алла тағаланың пенделеріне марха- бат қылады екен. Ол жәнінде Шура сүресінің 88–89-аятында: «Күнәкәрларға малы, дүниесі мен перзенттері пайда бермейді, Хақ тағаланың кеңдігіне раушан, пәк қалыбында келгенде ғана пайда береді» депті.


Қорыта айтқанда, адам ділі, шындығында, те- мірге ұқсас, сондықтан айна сияқты раушанданып тұрар. Егер, айнаны таза және пәк ұстаса, барлық нәрсе одан жарқын көрінер. Егер ол айнаны шаң- тозаң басса, оның ішінен еш нәрсе де көрінбес.


 


Осы жайында Һақ тағала Мүтаффифун сүресінің 1-аятында: «Ақиқат биігін шаң баспаған жағдай- да адамдар қылған амалдарын көңіл айнасынан көрер», – депті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу