18.05.2022
  234


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ ҚАЛАУЫ СИПАТТАРЫ

Діл ғаламында адам денесі шаһарындағы сар- баздарының әрбірінің алыс-беріс қатынастары бар, падиша ділге бұл сипаттардың әрбірінен әр бөлек сипаттағы жағдайлар да болар. Бұл қа- сиеттердің бағзы бірі жаман сипаттардан болып, падиша ділді құртқысы келетіндер қатарында болатынын білгені жөн. Кейбіреулері жақсы си- паттардан, олармен діл падиша тағдырлас болып, бақытқа қолы жетер. Бұл қатынастарды айта бер- сек есепсіз. Жалпы, оны төрт бөлікке айыруға болады: 1. Төртаяқты хайуандар сипатындағы қатынас-байланыстар; 2. Жыртқыштар сипатындағы қатынас-байланыстар; 3. Дию-шайтан сипа- тындағы қатынас-байланыстар; 4. Періштелер сипатындағы қатынас-байланыстар.


Сол сияқты, адам денесінде шауһат ләззатын жаратыпты. Оның қалауы төртаяқты хайуандар ісін істемек: азарлау, ішпек, жемек, жыныс қаты- насын жасамақ. Және осы денеде ашу ғазабын да жаратыпты, оның қалауы – ит, бөрі, арыстан сияқты жыртқыштардың ісін істемек. Сонымен қатар, балағаттап сөгу, ұру, өлтіру, халыққа қол- мен, тілмен азар беру сияқты басқа да қастандық- тарды жаратты.


Дию-шайтан сипатындағылардың қалауы – ме- керлік, ила-әдіс қолданып ақты «қара» деп, ха- лық арасында қулық пен сұмдық, аярлықты ас- қындыру. Адам денесінде ақылды пайда қылып- ты, оның қалауы – періштелер ісін қылмақтық, ол ғұламалар мен ілімді дос тұтып, жаман істер- ден бойын тартып, халық арасында туралыққа жол ашып, қысастық, бақылдық, мейірімсіздік пен қаталдықтан өзін тоқтатпақ, жақсы істері- мен шаттанбақ, надандықты ар, намыс қылмаққа шақырады.


Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар. Олар: иттік, доңыздық және диюлік пен періш- телік. Осылардан иттің халық арасында жексұ- рын, жаман атануы, оның бас, аяқ терісі басқа да сыртқы суретіне байланысты емес. Оның ішін- дегі жаман сипаттарынан, халыққа азар беруінен, жаман нәрселерге құмарлығына байланысты. Доңыз сыртқы сипатына байланысты ғана емес, ішкі дүниесінің настығы, лас жаман нәрселерге құмарлығынан жексұрын атаққа ие.


 


Сонымен, рухтың ақиқаттын және ішкі жан- дүниесіндегі иттік және доңыздық сипаттарды аңғардың. Енді мағыналарын да осыған сай пайымдауға болады. Айтылған нұсқаларда адам- ға жарлық беріп келтірілген нұр – періштелердің нұры сипаттас. Ол нұрмен шайтанның мекерлік айла тәсілін біледі екен. Сондықтан да шайтан мекерлік пен пітна-құлыққа жол таппай, қор бо- лады екен. Сондықтан Әзіреті рассули әкрам сал- лалаху Әлей уасаллам айтқан екен: «Әр адамның бір шайтаны бар және менің де шайтаным бар. Бірақ, Құдай тағала мені ол шайтаннан басым етіпті. Шайтан менің ашу-қаһарымның қолын- да – тұтқын. Менің қолымнан шығып, ешқандай залал жасай алмас» депті. Адамға жарлық етіпті, ышқуаздық шауһат-доңызы және ашу-итті әдеп- пен ұстап, ақылдың алақанынан шығармау қа- жет. Ақылдың жарлығынан тыс қадам баспауға тиісті. Егер бұл жағдайлар орындалса, жақсы сипаттар пайда болып, бақыт-сағадат ұрығын қолыңа келтіресің. Егер бұлай болмай, шауһат құмарлығы, ашу ғазабы алдында қызмет істе- се, адамгершілікке жат сипаттар пайда болып, шауһат-құмарлық ұрығын қолыңа келтірерсің. Егер өз хал-жайын дәрменсіздік, ұйқысыздық немесе ұйқыдағы жағдайда ұстаса, сөз жоқ доң- ыздың, не иттің және шайтанның алдында қолы байланғанын көресіздер.


Кімде-кім бір мұсылманды кәпірдің қолында тұтқында көрсе, ол мұсылманның күнді қалай кешетіні белгілі жағдай. Ал адам періштені, ит- тің немесе доңыздың, я болмаса диюдің қолын- да тұтқын екенін көрсе, оның жағдайы одан да төмен болатыны белгілі жайт. Ғалам халқы егер нысап қылса, істеген амалдарын есептесе, күн- діз-түні жан-дүниесінің қалауына қызмет кемерін байлағанын көреміз. Бұлардың халі шын мәнінде осындай. Олардың суреттері адамға ұқсар, қия- мет пердесі ашылғанда олардың шын мағына- сы әшкере болар. Суретімен де, мағынасымен де өздерінің шын бейнесін көрсетер. Егер ол кі- сінің шауһат құмарлығы басым болса, қиямет күні халық көзіне доңыз суретінде көрінер. Ғазап ашуы басым кісілер, ит не бөрі суретінде кө- рінер. Осы бір жағдайларға байланысты анық- тық – егер адам түсінде итті не бөріні көрсе, оның жоруы залым дұшпанға тап болар. Егер түсінде доңызды көрсе, оның жоруы нас, лас жаман адамға кездесер. Сондықтан да ұйқы өлімнің бір белгісі, інісі деуге де болады. Аңдағанға ұй- қының өзі, бұл ғаламнан жырақта екен. Сурет – мағына-мәннің бағынышты көлеңкесі. Әр адам ішкі жан-дүниесіне сай көрінгісі келер. Бұлардың мән-мағыналарын талдай беру бұл кітаптың ауқымына сыймайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу