18.05.2022
  280


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ ҚАЛАУЫ (ДІЛ СЕЗІМІ)

Жоғарыдағы айтылған сөздерден біліп алдың, ғазап және шауһатты – жемек және ішпек, дене- ні сақтамақ үшін жаратыпты. Солай болса, ғазап пен шауһат дененің қызметкері болар. Дене – жоғарыда айтылған бес сезімді көтеру үшін жа- ралыпты. Сонда дене сезімдердің қызметкері болмақ және оның қалауы, уәзір-ақылға тыңшы болмақ үшін жаратылыпты. Анығында, ақыл сезімдер жәрдемімен Хақ тағаланың ғажайып сирек кездесетін құдіреттерін білер. Қалау се- зімінің өзі ақылдың қызметкері болар, ақылды діл үшін жаратыпты, ақыл – ділдің шамшырағы болар. Сондықтан да ол шам нұрымен Әзіреті пәруардігердің нұрлы жамалын іздейді, ол – жа- малы кемелденген падиша ділдің жәнаттында болар. Сондықтан да ақыл – ділдің қызметкері болар.


Ділді Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала кемел жамалын іздеу үшін жаратыпты. Сәті түсіп сол кемел жамал нәсіп болса, Хақ тағаланың қызмет- кері және пендесі екендігіне лайықты болғаны. Сондықтан, Алла тағала, Ва-з-зорият сүресінің 56-аятында: «Мен жын-періні және адамдарды мені тану және ғибадат қылу үшін жараттым» депті. Олай болса, падиша ділді сый етіп, оған мемлекет пен сарбазын сеніп тапсырыпты, дене дейтін мінетін көлігін де беріпті. Бұл мінетін көлік сарбазы, көмекшілерімен бірге ғалам то- пырағынан биіктің ең биігіне сапар қылар. Бұл жердегі несібе, ризықтарын тауысу үшін және пенделік шартын орнына келтірмекті қаласа, діл падишаның басшысы мемлекет басында отырар. Хақ тағала жамалын көруді мақсат қылар. Ақы- ретті отан тұрағы – денені мінетін көлік етіп, дүниені шолақ деп түсінер. Ақылды – уәзір, қол- аяқ, басқа мүшелерді – қызметкер және шауһат- ты – ақылдың көмекшісі қылғай. Ғазапты – пади- ша қалауының тыңшысы етіп, бұлардың әрбірін бір іске жегіп, ғалам хабарларын біліп отырғай.


Қиял-қуатының көмейін толтырарлықтай қа- зынамен қамтамасыз еткен жөн. Өйткені хат-ха- барларды қиял жүзеге асырып, оны сақтап, өз уақытында уәзір-ақылға арыз етер. Уәзір-ақыл бұлардан хабардар болып, райына қарай мемле- кет ісін жайғастырып орнына қойып, падиша діл- дің сапарының керек-жарағын дайындап берер.


Кейде бұл сарбаздардың бірі, мысалы шауһат ләззәті, ашу-ғазәбы, бұдан басқасы да падиша ділге жақын болғансып, ділдің бағытынан жүз үйіріп қарақшылық жасаса, уәзір-ақыл бұлардың амалын тауып, керекті жағдайда күрес жүргізіп, жеңіп, есебін тауып жөнге салғай. Оларды өлтірмегені мақұл, өлтірсе мемлекет ісі бұларсыз ойдағыдай орындалмас, бәлкім бұларды тағат ибадатқа мойын ұсындырып, мәртебеге жеткіз- гені жөн. Өйткені, олар сапар шебінің алдында жүреді. Қанша қас, жолтосар қарақшылар болса да, падиша ділге дос-жаран, жолдас болады. Егер де уақытты сәтімен бұл сипатта дос-жаран бол- са, бақыттылық нышаны мен үлесіне ие болға- ны. Егер олай болмаған жағдайда ана мен мына- ның шылауында кетіп, қаскөй дұшпан, қарақшы- лар қармағына түссе, бақытқа қолы жете алмас және оның жазаларын тартып қиыншылықтарын көрер.


Ғалам иесі – Алла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу