18.05.2022
  398


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Ділдің сарбаздары жайында баяндау біраз ұзақ- қа созылар. Солай болса да, мысалдармен баяндап берейін. Денені, мысалы, бір шаһарға теңесек, қол, аяқ, денедегі басқа да мүшелер – сол шаһар өнершілерше ұқсайды. Шауһат зауқы шаһар хал- қынан алым-салық жинаушысына ұқсайды. Ға- зап бұл шаһардың түнгі падишасы сипатты. Діл дегеніміз сол шаһардың падишасы, ақыл – оның уәзірі. Падишаларға бұлардың ауадай қажеті бар. Өйткені, мемлекет ісі тек осылармен бірге орындалады. Ал шауһат – алым-салық жинаушы амалдарға ұқсас, жалғаншы мен жаман қылық- ты, ақты «қара» дейтіндер сияқтысы да болады. Әрқалай жағдайда уәзір-ақыл айтар, шауһат оған қарама-қарсы іс қылуды қалайды. Әрдайым қалауы мол байлық болар. Ол дене мемлекетінде баршылық, одан салық сылтауымен өзіне көбірек алуға тырысады. Ғазап болса, шаһардың түнгі падишасы – қатты, қайсар, наһақ жаман істер- ден қорықпайтыннан болады. Әруақытта өлтір- мек, сындырмақ, жаман істерді істеп, қан төкпек- ті жаратар. Сондықтан бір шаһардың падишасы әрбір істі уәзірімен бірге істеп, қызметкер шабар- мандарының құлағын бұрап отырса, сол сияқты қызметкерлерінің жаман істерін әшкерелеп, тиым салып, түн падишасын да уәзірі қарамағында мықтап ұқыптылықпен ұстап, артық қадам бас- тырмастан, қадағалап отырса ғана мемлекет ісі өз дәрежесінде болар. Бұған қоса падиша діл уәзірдің кеңесімен ақылдасып іс қылса, шауһат, ғазап жайын уәзірдің ақыл зердесінен тыс қалдыр- май, жарлығының шегінде, дене мемлекеті оның иелігінде болар. Сонымен қатар, бақыт жолын тауып, Хақ тағаланың ілім-білімінен баһар алар. Егер уәзір ақылды шауһат және ғазап қолына тұтқын қылса, дене мемлекеті ойрандалып, падиша діл де тұтқын болып, бақытсыздыққа тап болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу