18.05.2022
  162


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛІҢДІ БІЛСЕҢ ӨЗІҢДІ ТАНЫРСЫҢ

Сенің қалыбыңның өзі неден тұрады? Сенің қалыбың екі нәрседен құралады: бірі – көзіңе көрініп тұрған дене құрылысың: оны тән деп атайды, мұны көзбен анық көруге болады; екін- шісі – ішкі жан-дүниең: оны жан деп те, діл деп те атайды. Бұл көзге көрінбейтін жасырын ішкі жан-дүниеңе жайғасқан. Бұны көкірек көзімен ғана тануға болады. Көзбен ақиқатты керуге бол- майды. Сенің бар ақиқатыңнын өзі осы ішкі жан- дүниеңде.


Әрбір нәрсе бұл мағыналы жан-діліңнен өз- геше бөлек болғанымен, оның тәуелді сарбазы деуге болады. Шын мәнінде басқа нәрселердің бәрі де – оның қызметкері. Өйткені, ол жан- дүниеңе діл деп ат қойыпты. Енді ділдің қасиеті мен ерекшеліктерін баяндайын.


Ділдің мұрат-мақсаты, ақиқаты – тек адамға тән. Оны кейде рух деп те атайды. Кейде, ішкі жан-дүние дейді. Діл деп көкіректің сол жағына жайласқан бір парша етті айтпас па екенбіз? Оның ешқандай қисыны жоқ. Ол ет хайуанда да бар, өлген өлікте де бар. Бірақ оның ақиқаты, сырт- қы көзбен көруге болады. Сол көзге көрінбейтін (көкірек көзіне көрінетіндерді), бұл дүниеге тән емес нәрсені – ғалами көрсеткіш дейді. Ділдің шын мәніңдегі түпқі ақиқаты – бұл ғаламға тән емес, ол бұл ғаламда бір ғаріп мүсәпір ғана.


Діл – бұл ғаламның көне керуен сарайынан, ақыреттің жәннат жайына қайту үшін келіпті. Ал бір парша ет – жүрек, падиша ділдің мінетін аяқұлауы, құрал-жабдық дастарқаны. Денедегі барлық мүшелер оның сарбазы. Қысқасын айтқанда, діл – барлық дененің падишасы. Діл падишаның мақса- ты – Алла тағаланы танымақ және Алла тағаланың кемел жамалын кермек. Падиша – ділдің сипаты және оның жәрдемшісі – сөздері. Ұсыныс та, үндеу де, уәде де, атақ та – соның қолында. Ұлық та, бақыт та, жоғары дәрежедегі ықпал да – ділдің сипатында. Ал дене болса – әруақытта оның қызметкері. Па- диша-діл және оның сипаттарын тану – Әзіреті һах нұрлы Алла тағаланы танымақтың кілті болар. Бар күш-қайратыңды жұмсап, ділдің ақиқа- тын танығайсың. Діл гауһары – ғазиз періште- лер гауһарының жынысынан болар. Ал ділдің кені де, әсілі де – жалғыз Жаратқанның кеңдігі болар. Кеңдігі арқылы – келуші де, кетуші де, бұл ғаламның қонақжайына ғаріп саудаласу мен рұқсат үшін келіпті. Ділдің саудаласуы мен рұқсатынан баяндайын.


Иншалла тағала.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу