18.05.2022
  163


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ДӘЛЕЛДЕУ

Ол негізінде төртке бөлінеді: әуелгісі – адам өз жан-дүниесін танымақ. Білген жөн, хазіреті-һақ тағаланы танымақтың кілті – өз жан-дүниенді тани білу. Әр кісі өз жан-дүниесін таныса, шын мәнінде, ол пәруардігерді де таниды. Бұл туралы нұрлы Алла тағаланың хабарлаған Фуссулят сүресінің 53-аятында «Көрсетермін оларға құ- діретімнің ғаламат нышандарын – өздерін қор- шаған жер мен көк, жан-дүниесін – кітаптың шындық екені оларға мәлім болғанша» депті. Бұл сөздің шешуі – бар нәрсе өзіне-өзі жуық, әр- уақытта алдымен өзіңді танымасаң, өзгені қалай танығайсың? Әрдайым өзімді танимын деп ай- тасың. Танданарсың һақ нұрлы Алла тағаланы та- нымауға ешқандай себеп жоқ деп, төрт аяқтылар да өздерін-өздері таниды ғой дерсің.


Ей адам! Сырт-сипатыңды тануда – бас, бет- пішін, аяқ, қол, сүйек, еттен басқаны танымай- сың. Ішкі жан-дүниеңнің ахуалын білуден: уақы- ты келіп, қарның ашса – нан жерсің, шөлдесең – су ішерсің, кейде ашуың келсе – бір кісіге тиісіп зәбір берерсің, шауһат талабымен қатын алар- сың – бұлардың бәрі төрт аяқты хайуанаттарда да бар қасиет.


Енді сен өз ақиқатыңды жан-жақты білуге та- лап қылғайсың. Өз нәсілің не, ол қандай нәрсе, қай жерді кездің және қай жерге барасың? Бұл ғаламның қонақжайына не үшін келдің? Соңыңдағы ұрпақ сені не үшін мадақ етпек? Мұрат-мақ- саттарың не?


Бұл істерді білгейсің. Бұл сипаттар, жұмбағы көп ішкі жан-дүниеңе жайласқан. Оның кей- бірі төрт аяқтылар сипатында, бағзысы дию- лер сипатында, бағзысы періштелер сияқты тазалардан. Сен осы сипаттардың қай тобы- нансың? Көңіліңнің гауһары бұл сипаттардың қайсысын қайтарып тұр және қай сипаттарды өзіңе лайықты не лайықсыз дейсің? Бұларды білгеннен соң, өзіңнің мұрат-мақсат, бақытыңды іздегейсің. Бұл сипаттардың аялап асырайтын қамқор қорегі бар. Мәселен, төрт аяқтылардың мұрат-мақсат қорегі – ішпек, жемек, ұйықтамақ, жыныс қатынасы талабын орындамақ. Егер сен төрт аяқтылардан болсаң, ертелі-кеш зор беріп ішіп-жеу мен нәпсіңді қанағаттандыру қамын жей бергін.


Ал жыртқыштардың басты мұрат-мақсаты – тістемек, ғазап беру, өлтірмек. Ал диюлардің мақ- саты – қулық, сұмдық, айла-шарғы, азғыру ісімен шұғылдану. Егер сен төрт аяқтылар, яғни хай- уандар мен жыртқыштардан болсаң, солардың ісімен шұғылдана бер де, солардың істеген ісін өзіме лайықты-ләзім деп біліп, төрт аяқтылар- дың мұрат-мақсатына жете бер.


Періштелердің мұрат-мақсаты мен қорегі – Алла тағаланың дидарына қарай, тамсана таң- дану, оның кемелдігіне әуестену. Ғазап, шауһат – төртаяқтылар мен жыртқыштардың және шай- танның сипаттары. Олардың табиғи болмысы егер сен періштелер гауһарынан болсаң, маңайы- ңа жол тауып, жуи алмас. Өз әсіліңді періштелердің әсіліндей етуге тырысқан күнде ғана, Хақ тағаланы танығайсың. Оның көрікті жамалын танымаққа жол тапқайсың. Хайуанат сипаттары болмысы жаратылысының ішінде нендей қа- сиеттердің бар екенін біліп алғын. Олардың ай- уандық сезімі сені тұтқын етпек, өз қызметіне пайдаланбақ, ертелі-кеш сені өзіне тәуелді ету әрекетінде екенінен хабарың болсын. Ал бұл жаман қасиеттерді жөнге салып, өзіңе тұтқын етіп бағындырып ала алсаң, ол дастарқандай сенің алдыңда болар. Бұл сипаттарды өзіңе мойын ұсындырып пайдаланғайсың. Қанша күн бұл ғаламның қонақжайында болсаң, бұл си- паттарды қызметіңе жегіп, бұлардың жәрдемі ар- қылы алға қойған мұрат-мақсат, бақыт ұрығын қолыңа келтіре біл. Уақтылы сәтімен мақсаты- ңа жетіп, бақыт ұрығын қолыңа келтірсең, жа- ман қасиеттерді аяғыңның астына салып, ол ба- қытыңды баянды еткейсің. Ғалымдардың мұ- раты, баянды бақыты – Әзіреті күллі ғаламның падишасының жамалының нұры. Ал қарапайым халықтың мұрат-мақсаты – жұмақ жайынан ірге тебу болып табылады. Міне, бұлардың бәрінің мән-мағынасын толық білгенде ғана өзіңді-өзің таныған боларсың. Әрбір кісі бұл жайттардың мән-мағынасын тани бермейді. Олардың несі- бесі, иманы – кәміл сенімді жолдан аулақ және ақиқат дін жолын танудан құралақан болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу