18.05.2022
  573


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ПЕРЗЕНТ ТӘРБИЕСІ

 


Жақсы перзент ата-ана қолындағы аманат. Діл гауһары сияқты сап таза, момақан, әртүрлі өрнектегі жаңалықты қабылдауға құштар, лайық және жерден өнім өндіргендей әр нәрсені үйре- нуге бейім болады. Әр нәрсенің ұрығын сепсең, оның дақылын егерде ұрықтың асылын тапса, дүниенің де, ақыреттің де шарапатын табасың. Ата-анасы ұстаз ретінде оған серік болады. Пер- зент тәрбиелеп, оған ілім, әдебиет үйрету – жақсы тағлым берумен қатар, жаман сұхбаттан сақтандыру қажет. Барлық жамандық – жаман мінез-құлықты адамдармен сұхбаттас болудан пайда болады. Перзентті тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. Ондайға үйренген перзент бар өмірінде жақсы киім, тәтті тағамды таңдап, босқа уақытын өткізеді. О бастан баланың жан-дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Сондықтан баланың тәрбиешісі сыпайы да адал болуы шарт. Сонда ол дәйім жаман қылықтардан аулақ ұсталады. Артық ет – арам сүттен пайда болар, арамдық – бұзықшылық, күнәкәрлік- тің анасы деуге болады. Мұндай апаттар тағам- ды тоя жеуден пайда болады. Тамақты аз-аздап жеуді үйреткен жөн. Сонымен қатар, тағамды оң қолымен «Бисмилла» деп алып, балдырап сөйлемей, артығымен тоя жемесін. Біреудің ал- дындағыға көзін тікпей, қолына алғанын жеп болмағанша, басқа кесеге қол ұзатпау, еңсесін асқа қарай түсіріп жібермей, нанды халықтан артық жемеу сияқтылардан көңілін суытқан жөн. Қалыптан артық тоя жеу – хайуандар мен на- дандардың ісі деп түсіндіру керек. Перзентіңді бейәдеп балаларға үйір қылмай, аулақ ұстап, әдепті балалардан үлгі-өнеге алуды үйрету керек. Тек жібекпен ғана киіндіруден сақтан. Жаман балалармен сұхбаттас болуға тыйым сал. Әрбір баланы жаман, бейбас балалармен бірге жүргіз- сең, өтірік айтуды үйреніп, жаман жолға түсіп кетуге душар болады.


Егер бала қателессе, екі-үш рет көрмегенсіп, білмегенсіп қоя салғын. Оған жауап беретін дә- лелі болмауы да мүмкін. Оқтын-оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін бетіне басып ұялтқын, түсіндіргін. «Егер бұл ниеттен, бұл бағыттан тез қайтпасаң, адамгершіліктен шығасың да халық арасында масқара боласың» деу қажет. Әкесі өзінің перзентіне сабыр, шы- дамдылық пен айбаттылығын өнеге ете білсін. Күндіз ұйықтаудан сақтандырса жақсы болады. Түнде жұмсақ төсекке жатқызуға әдеттенбесе, денесі қуатты болып өседі. Әр күні бір сағат- тан ойнатып, болмашыға алаңдаушылық, жаман қылық, қара көңілділікке салындырмау қажет. Жас балаларға біреулерден тілеп алу лажы жоқ қайыршының ісі екенін ескертіп, біреуден бір нәрсе дәме қылмауын ескерту керек. Көпшілік арасында ісіп-кеуіп мақтанбасын, отырғанда кі- сіге арқасын беріп отырмасын. Қолын жерге таянбасын. Лепіріп сөйлеп, сұрамағанға жауап бермесін. Өзінен үлкенді құрметтеп, тілін қыл- жақы мазақ сөзден сақтай білсін. Әрдайым ыж- даһатпен тәрбиеленсе, тасқа қашап жазған жазудай баланың көңілінде өрнектеліп, берік ор- наласып қалады. Егер әдепсіз, дөң мінезді бол- са, үйге топырақ шашқандай, бұл сөздер жан- дүниесіне жайлана алмайды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу