18.05.2022
  164


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ӨСЕКШІЛІК – КЕСАПАТ

 


Өсекшілік, яғни сөз тасымақ. Алла оның сұм- дығы жөнінде көптеген хабар берген. Пайғам- барымыз «Өсекші жұмаққа жуый алмас және сендердің араларыңдағы жаман адам – сөз таси- тындар» депті. Біреу бір әкімнен былай деп сұрапты: «Аспаннан кең не? Оттан ыстық не? Темірден қатты не? Жетімнен қор не?». Сон- да әкім: «Ақ іс – аспаннан да кең, күнәсізді ба- лағаттау – жерден ауыр, ұрық-аймағында кек сақтап, өшпенділікпен қарау – мұздан суы- ғырақ, қаскөйлік – оттан да қызулы, кәпірдің көңілі – темірден де қаттырақ және өсекші, сөз тасушылар – жетімнен де қор» деп жауап беріп- ті. Білген жөн, өсекшілік – екі кісі арасында сөз тасу ғана емес, ол кісінің сөзі мен пейіл-құнын әшкерелеп, ренжіту. Біреу әкімнің алдына келіп


«Пәлен  кісі  сізді  жамандады»  дегенде,  әкім:


«Маған бұл хабарды айтып үш қиянат жасадың: бірі – көңілсіздендірдің, ашық көңілімді уайым- ға қалдырдың және өзіңнің жылпостығың- ды көрсеттің» депті.  Хасан Басри айтқан екен:


 


«Егер саған біреу сөз жеткізсе, ол сенің сөзіңді де біреуге жеткізер» деп. Сондықтан да өсекші- ден өзіңді аулақ ұстап, оны дұшпаным деп есеп- теу қажет. Оның құны-пейілі қиянат, қастан- дық, тазалықтан жұрдай. Өсекшіліктің үлкен апат екенін білген жақсы. Оның себебінен нақақ- тан қан төгіледі. Мысалы, біреу құл сатып аларда


«Мұның қандай айыбы бар?» деп сатушыдан сұрағанда: «Өсекшіліктен басқа айыбы жоқ» депті. Сатып алушы «Айыбы ауыр екен» деп қа- былдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне


«Қожайынның саған деген махаббаты кем екен және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Қо- жайын ұйықтап жатқанда сақалының астынан ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен оған жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр едім» дейді де, қожайынына барып «Қатыны- ңыз бір кісіге ғашық болыпты, сізді өлтірмекші ниетте, егер сөзіме күмәндансаңыз, ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті. Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жата- ды. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, қожайыны- ның сақалынан ұстай береді. Осы кезде «Мені өлтірмекші екен» деп ойлаған қожайын орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді. Сөйтіп, бір өсекшінің жала сөзінен соң жазықсыз кісі қаза табады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу