Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  95


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жетімдік тақсыретін тартып келіп...

Жетімдік тақсыретін тартып келіп,
Көрді өмір қиындығын артып беріп.
Бес ұлың, үш қызыңды жөнге салып,
Өмір көш келеатқанда тəртіптеліп


Бақиға жөнеп бердің бір-ақ күнде,
Бар екен тағдыр тосқан сынақ мүлде.
Бас шайқап, бармақ тістеп қала бердік,
Бұл өмір болар дейсің тұрақ кімге?!
Несіне сенен қалдық біз кейінге,
Тіршілік гүлін ерте үзгенің не?!
Үш ұлың, бір қызыңды ерте кеткен,
Сағындың ба, анашым, іздедің бе!
О, ана, жеткен жоқ ең, күзге мүлде,
Өмірдің бақытында жүзбедің де


Өмірден ерте кеткен, еркелеткен,
Асығып, ата-анаңды іздедің бе?!
Бұйырды дейсің ана, жүз де кімге...
Жөн-жоба, жосық едің қыз-келінге.
Із жатыр енді қайтып оралмайтын,
Зіл жатыр жылымайтын мұз-көңілде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу