Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  141


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Терме

Аспандағы тіреуім,
Құладыңдар біреуің.
У шалғандай жүрегім,
Су шайғандай реңім.
Жұмсақ көңіл тас болды,
Көздің жасы ас болды.
Асқақ даусым басылып,
Асыл басым пəс болды.
Ай-күніндей аспанның,
Анашымнан жас қалдым.
Жоспарындай ой быт-шыт,
Жазылмаған дастанның.
Аш өзекті талдырып,
Ақ арманды дал қылып,
Жетім болып жетілмей,
Жетімін жəне қалдырып...
Анашым өтті дүниеден,
Жан анам өтті дүниеден,
Табармын ба дүниеден,
Анашым өтті дүниеден...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу