Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  95


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жалғыз жиде

Құмда бар жалғыз түп жиде,
Бəйтерек сынды саялы.
Бейшара шопан бір күнде,
Өліпті жылда баяғы.
Байынан алған ақысын,
Байғұсың түйіп белбеуге.
Қатын мен бала қамы үшін,
Сапарға шыққан шерменде.
Жаушықұм менен Көктөбе,
Жол жалғап жатты арасын.
Желортада, көрді, жеткенде,
Жолаушылардың қарасын.
Жолаушы екі салт атты,
Жөндесті, жағдай сұралып.
Ал, шопан жаяу, жан тəтті,
Аштықтан бұралып жүдеу
Жібітті ернін кезерген,
Торсықтан сусын сұрап ап.
Жолаушы жөншіл ежелден,
Сөйледі бірі тұра қап:
-Ызалы қасқыр жолықты,
Дəл мына қырдың астында.
Жоламай торып, қорықты,
Болған соң атым астымда,
Жеткізбей кетті шапқан ат,
Қамшы бар-дырау қорғасын.
Тыңдасаң сөзді, артқа қайт,
Жазым етер болмасын!
- Он жылдай бақтым бай малын,
Азат қып басты келемін.
Қасқырдан болса ажалым,
Маңдайдағыны көремін.
Депті сол шопан шорт кесіп:
- Қайтаратын артқа жоқ жөнім,
Қос жолаушы «қап!» десіп,
Тауыпты тура жөндерін.
- Көнбесең- сөз жоқ!-депті алғаш,
Бəледен Құдай сақтасын!
Қырасып барып: Жоқ болмас!
Деп бұрынғы ат басын!
Құм жолын басып безерген,
Жоғалып жолшы, жалды асты.
Аспай-ақ тағы кезеңнен,
Арлан мен Адам арбасты!
Бізді ғой əзер босатты,
Сау қоймас оны сірə! –деп.
Шошынды кенет қос атты,
Шоқытып қырға шыға кеп.
Қос атты, қасқыр жеп жатқан,
Көріпті сорлы шопанды.
О сорлы, құдай сорлатқан!
Тыңдамай кеттің беталды!
Қиқулап атпен қызу тез,
Жүгіріп түсіп, шынында.
Қанталап кеткен қызыл көз.
Шоқиып аулақ отырды.
Шалқалап жатқан сорлы ерің,
-Мұсылмандар-ау, құрметті,
Пəленің жүзін көрмейін,
Бетімді теріс бұр!-депті.
Деді де демі басылды.
Иманын екеу үйірді.
Топырақпен жүзін жасырды,
Құмнан бір қабір үйілді.
Бет сипап содан тұрады екеу,оты ұрып,
Басына шаншып таяғын.
-Бұл белгі болсын, бір жетер,
жүргінші адам аяғы....
Сол шопан қалды далада,
Ақ, адал тері бұйырмай...
...Көп жылдар өтті арада,
Қызылқұмдағы құйындай.
Құмда бар жалғыз түп жиде,
Бəйтерек сынды саялы.
Бейшара шопан бір күнде,
Өліпті, жылда, баяғы.
Тоқтатадым мен де сол маңда,
Шілденің ыстық оты ұрып,
Хикаятты айтты бір қария,
Көленкесінде отырып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу