Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  86


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ұрпақ сөзі

Біздің асыл аналар,
Жылап өткен дейді ғой,
Көз жасы мен арманын,
Бұлақ өткен дейді ғой.
Күліп-ойнап жүрер күн,
Аңсап өткен дейді ғой.
Шылауында біреудің,
Малша кеткен дейді ғой.
Гүл орнына далаға,
Жүрек еккен дейді ғой.
Ұрпағының тілеуін,
Тілеп өткен дейді ғой.
Гүл тергенде содан ба,
Жүрек болып езілем.
Өзімді кең даламда,
Тым бақытты сезінем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу