Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  96


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Білген ем бұл өмірдің мəңгі емесін...

Білген ем бұл өмірдің мəңгі емесін,
Анамның жерге бердім жан денесін,
Ұядан ұзай алмас бозторғайдай,
Жоғалтқан адам құсап əлденесін,
Шарладым туған жердің əр белесін,
Ағарып атқан таңым «арма» десін,
«Қош» десін қоңырайын талма кешім.
Анамның іздей-іздей жанды елесін,
Абыржып ақыл ауды, қалмады есім,
Жаратқан кеспей қойды жанға кесім.
Қаралы таңба түсті шаңыраққа,
Мен неге іздей берем бəрі хақта.
Күбірлеп кəлимамды жатарымда,
Сарғайып неге оянам сəруақта,
Тағдырдың бұдан бөлек заңы жоқ па?
Мен неге жұбанбаймын, тыншымаймын,
Жанымды жаралады шымшылай мұң.
Езілген жүрегімді бір жұбатар,
Шыныменен емі жоқ па бұл Құдайдың?
Ал, болса неге, неге тыншымаймын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу