Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  132


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жылай -жылай дүниеден өтті Анам...

Жылай-жылай дүниеден өтті Анам,
Көздің жасы мұра болды тек маған.
Ақ орамал тартқан момын жан көрсем,
Анам ба екен, панам ба екен деп қалам.
Талқан болған сансыз арман, бай үміт,
Мұнарланған көз жасы боп жайылып,
Ақ орамал тағатымнан айырып,
Мұңаямын дұға-бата қайырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу