Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  188


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Адамы -көп, мейірімі жоқ қалада....

Адамы-көп, мейірімі жоқ қалада,
Ақыры жылай-жылай өтті Ана да!
...Келіннің қаперінде дəнеңе жоқ.
Келін түгіл, уайым, жоқ балада.
Немерелер ұмытып тез-ақ күнде,
Болмағандай ажалды азап мүлде.
Қыс кетіп, көктем келіп, жер жаңғырып,
Бау-бақша толып кетті ғажап гүлге.
Менің жаным, тек қана, жұбана алмай,
Қуанатын нəрсеге қуана алмай,
Əр белгіден Ананы көріп қалып,
Сорлы жүрек сене алмай жүр алаңдай.
Қалаға да сыймадым, далаға да!
Шошығыш болды жүрек бара-бара...
Əр белгіден іздерім Ана, Ана,
Жер-дүниеден іздерім-Ана ғана...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу