Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  87


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Білмеймін, бақытымнан кеш тудым ба???

Білмеймін, бақытымнан кеш тудым ба?
Əйтеуір, шөлде туып, өстім қырда.
Əйтеуір, заңдылыққа сай келмедім,
Еш сағат, ешбір апта, ешбір жылда.
Шындықты шырақ етіп жағып көрдім,
Момынның момын қалпын бағып, көндім.
Айырмай ақ, қараны, улы тілмен,
Заһар шашқан залымды шағып көрдім.
Жүрегім үйге сыймай дала кезді,
Алтынмен аптамадым ала көзді.
Наданға табынбадым креслолы,
Тек, рас, сағынғаным бала кезді.
Талады, талай адам елемеді.
Елеулі, ескеруі керек еді
Осынша, бұл дүниеге жайсыз етіп,
Анашым, тудың екен, неге, мені?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу