Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  124


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қоямын үйшік дайындап

Мамыққа бөлеп маңайды,
Қалықтап ұзақ жауды қар.
Тал, терек, қарағайларды,
Тонына орап алды қар.
Ашулы аяз, сүңгі мұз,
Сүйектен өтті кенеттен.
Көгорай белді, нұрлы жүз
Көктемге, шіркін, не жеткен!
Көктемнің нəзік құстары,
Тезірек ұшып келіңдер.
Аязға мынау қыстағы,
Гүл жайлы айцтып беріңдер.
Өздерің ұшып келгенде,
Қырқаға шығып қабылдап,
Дəн сеуіп көп-көп сендерге,
Қоямын үйшік дайындап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу