Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  114


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Сентябрь

Күз келіп,
Гүлдер солды да,
Сарғайды тіпті жол мына.
Аппақ қар ертең жауады,
Жапырақтардың орнына.
Айналып ұшты қыстақты,
Жылы жақтарға құс қайтты.
«Ертерек кетті, - деді апам –
Болатын шығар қыс қатты».
Колхозға бардық, топ болып,
Қарбызды жидық, шөпті орып.
Баулардан алма жинадық,
Қып-қызыл, тəтті, топ-толық.
Сабаны ұшып сар дала,
Салынды дəні қамбаға.
Сайранды қойып жаздайғы,
Сабаққа келдік бар бала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу