Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  713


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Өрт сөндіруші

Өзі батыл,
Өзі батыр,
Өрлеп биік бара жатыр.
Терезеден – жанған отқа,
Кіріп кетті ол заматта.
Алып шығып бөбектерді,
Адамдарға көмек берді.
Ойлаған жоқ жанамын деп,
Отқа күйіп қаламын деп,
Ептілік те, күштілік те,
Сынға түсті үш минутта!
Аса мықты, алып адам,


Кім қалды оны танымаған?!
Өрт сөндіргіш арқасында,
Өрттен қалды бəрі де аман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу