Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  154


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ата тілегі

Жамандама досыңды, жамандама!
Жаман сөзді айтады жаман бала.
Жақсы жігіт, білікті кісі болар,
Асыл сөзді жинаған адам ғана.
Жақсы бала – ұрлыққа үйір болмас,
Ұрлық қылған ұрынар, түбінде оңбас.
Барыменен бөлісер жомарт жақсы,
Көпшіл жанның тірлігі қиын болмас.
Ақиқатты қорғай біл, табанды бол,
Сұраншақтық, суайттық – қараңғы жол.
Үлкен сыйлап, кішіге қамқор болу,
Тура сөз, берік уəде – адамдық ол.
Сен біреуге тас атпа, басқа атса да,
Алып таста жолыңда тас жатса да.
Мүгедекке еш күлме, өсек айтпа,
Сəл нəрсеге менменсіп, асқақтама.
Пайдакүнем болмағын, не қыласың?
Енжарлық пен іштарлық – екі қасың.
Жолдас үшін қуан да, шалма аяқтан,
Шаламын деп жүргенде шалынасың.
Жалған сөзді басыңнан бір асырмай,
Сыпайы бол, жарқыра шын асылдай.
Отаныңды, тіліңді, қоғамыңды,
Сақта, қорға əкеңнің мұрасындай!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу