Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  245


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Білім

Сынамақ боп бірде атам,
Сауал қойды тым қатаң:
- Ер қанаты не, ботам?
- Ел үміті кім ботам?
- Ер қанаты – пырағы,
Ел үміті – ұланы.
Сауалдардың жауабы,
Осылардан тұрады.
- Дайын екен жауабың,
Тағы да бар сауалым.
Қанша ердің қаруы,
Соны айтшы, қарағым?
- Біздер – елдің ертеңі,
Біздер – өсен өркені.
Ер қаруы – бес қару,
Білім – соның үлкені.
- Жауабыңда жалған жоқ,
Енді айтарым қалған жоқ.
Сені өсірген біздерде,
Сұрақ түгіл арман жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу