Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  107


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жалқау туралы ертегі

Жалқау деген адамның,
Бірге кешкен жорықты.
Ұйқы, Күлкі дейтұғын,
Екі досы болыпты.
Ұйқтап жатса Ұйқысы,
Күлкісі кеп қорқыпты.
Жалқау деген бұл кісі,
Жатып ішер болыпты.
Ұйқы қонып қабаққа,
Болбырапты ол епсіз.
Тойып алып тамаққа,
Күледі екен себепсіз.
Қолын Жалқау не түрлі,
Даяр асқа созыпты.
Сол Жалқаудың етігі,
Жатуменен тозыпты.
Еңбек етіп тер төкпей,
Табатындай нан мұны.
Жатады екен селт етпей,
Тамақ болып бар мұңы.
Күте-күте қалжырап,
Қарны ашыпты бір күні.
Көрінгеннен нан сұрап,
Жармасыпты бір күні.
Ақыл айтты бар адам,
«Еңбек істе, құр жатпа!»
Ешкім бермей нан оған,
Күлкі қашқан бір жаққа,
Ұйқы қашқан бір жаққа.
Кім көп күлсе сол Жалқау,
Келеді екен қасына.
Кім ұйқышыл самарқау,
Төнелі екен басына.
Күле берсе кім егер,
Қол сілте де жүре бер!
Көп ұйқтаса кім егер,
Сол Жалқау деп біле бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу