Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  120


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көкпар

Көкпарға апар, жан аға,
Көкпарды көргім келеді,
Көздерде оттар жана ма,
Шоқтарды көргім келеді.
Сіңірлі қолдар қарысып,
Тартқанды көргім келеді.
Құлай жаздап алысып,
Жатқанды көргім келеді.
Үрейі ұшқан жырақтан,
Жаттарды көргім келеді.
Танауы түйдек бу атқан,
Аттарды көргім келеді.
Додада жұбын жазбаған,
Əркімді көргім келеді.
Жігіт боп кете жаздаған,
Қартымды көргім келеді.
Салымды салып, су жұтқан,
Алтынды көргім келеді!
Қуаныш толы шындықтан,
Əр күнді көргім келеді!
Дастарқан жайып, ел күткен,
Салтымды көргім келеді.
Елдікпен егіз ерліктен,
Халқымды көргім келеді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу