Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  143


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Гүлдер не деп жырлайды???

Кең даланың ежелгі тұрғындары –
Таңғы желмен тербелер гүлдің бəрі
Бір-біріне үнемі əлденені,
Айтады да, бой түзеп сəнденеді.
Сөйлеседі не жайлы бір-бірімен,
Араласаң – сезесің – гүлді кілең.
Таңғы желмен тербеліп кең алқабы,
Гүлдер дала туралы əн айтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу