Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  117


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Құлыншақ

Алтын тұяқ, жібек жал
Желінің сəні – құлыншақ.
Желден жүйрік жануар,
Елімнің сəні – құлыншақ.
Шіңгір-шіңгір кісінеп,
Əн сап жүрген құлыншақ.
Тəтті сүтті ішінен,
Аңсап жүрген құлыншақ.
Қымызға шөл қанған ба,
Сарқып ішті ұрыншақ.
Ноқтасын ол барғанда,
Тартып үзді құлыншақ.
Кең даланы бетке алып,
Шауып кетті құлыншақ.
Кетіп еді ноқта алып,
Тауып кетті ұрыншақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу