Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  116


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Кездесу

Автобус зымырап тез,
Жолдарым жалғасуда.
Қапсағай, шүңірек көз,
Отырды шал қасымда.
Сұрады жол сыңайын.
Білген соң бағытымды:
«Е, мұның жөн, шырағым»
Деп шалым ағытылды.
«Еңбектен ерлік ізде,
Сөзімді, түсін, балам.
Табиғат жерді бізге,
Бекерге ұсынбаған.
Көгеріп əр таяғы,
Орман да болмақ əлі.
Адамдар қартаяды,
Жасартып шөл даланы».
Тамырлы білегінен,
Тірлігін оның ұқтым.
Жаны саз, жүрегі кең,
Диқанға жолығыппын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу