Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  115


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Партизан

Бір күні жаулар
Жас батыр,
Партизанды ұстады.
Ұрып, соғып, босқа құр,
Сұрақ қойып, қыстады.
Қолдары қан сасыған,
Қалшылдады дұшпаны.
Өзін-өзі партизан,
Батырларша ұстады.
- Атамыз, - деп қорқытты,
- Асамыз, - деп қорқытты.
Жауыздардың сөзіне,
Селт етпеді ол тіпті...
Таңертең де, кешке де,
Ұрды, соқты, өштене.
- Айтасың ба?
- Айтпаймын.
- Білесің бе?
- Ештеңе!
Айнала жау самсаған:
Сұрақ қойды қарсы оған.
- Командир кім?
- Қай жерде?
- Отрядың қанша адам?
Айтсаң – алтын аласың,
Ең бай адам боласың.
Айтпасаң – отта жанасың,
Мұзда қатып қаласың.
- Ар мен арбау тең емес,
Елін сатқан ер емес,
Аяғыңды жалайтын,
Ақымағың мен емес!
Мен – советтік партизан,
Достар келер артымнан.
Сазайыңды тартасың,
Кекті батыр халқымнан.
Өне бойың, бар тұлғаң,
Өлім сеуіп, қан тұнған.
Отансызсың қаңғыған,
Жалмауызсың ант ұрған.
Жаулаушы əсте оңбайды!
Жер жұтады ондайды!
Өз Отанын қорғаған,
Елді жеңіп болмайды!
Өлтіргенмен тек мені,
Сөнбес өмір көктемі!
Жеңілмейтін, жеңетін,
Миллионбыз, өйткені!
Жас партизан шошынбай,
Жау алдында тосылмай,
Сөйлеп тұрды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу