Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  104


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қара жер

Жауыз ажал сеппесін деп,
Қайғысызға қол салып.
Бізге оқ тиіп кетпесін деп,
Кеудесімен қарсы алып.
Қатты батты-ау қара жерге,
Қорғасын да, бомба да.
Қиын болды-ау, Ана Жерге,
Біздер – көппіз, ол – дара.
Тіршіліктің айқасында,
Əділірек болайықшы!
Қызыл гүлдер алқасында,
Қара Жерді орайықшы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу