Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  80


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Хиросима қайталанбасын

Күн қандай мейірімді!
Нұр төккен далаға да, қалаға да,
Нұр төккен далаға да, балаға да...
«В-29» ұшып келе жатыр.
Ұқсаған күміс қанат шағалаға.
«Тосико! Тосико! Қарашы,
Самолет қандай əдемі!»
Деп күліп жапон баласы,
Нұсқайды зеңгір əуені.
Ол əдемі самолет емес еді!
Күн шапағы алдады неге сені!
Алты жүз жиырма мыңның – келешегі,
Хиросима, Нагасаки – келешегі,
Елес еді, самолет елес еді...
22 23
Алтын күн,
Адамзатты аялаған.
Ажалға да дайын-ау, саяң əмəн?
Самолетке нұр шаштың, ана құсап,
Жаудан да қайырымын аямаған.
... Сасамори қалды екен қалай аман?!
Төңіректе ағаш та, үй де қалмай,
Өзі білмей жүргенін күйде қандай?
Адамдардың қарайды денесіне,
Қиналайын десе де қинала алмай.
Əзер-əзер жеткізіп он үшке құр.
Неге адам ғып жараттың келісті өмір?!
... «Тосико! Самолеттер əдемі!» - деп,
Он үштегі жылайды періште – гүл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу