Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  102


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Келеді Жұман əлі!» -

«Келеді Жұман əлі!» -
Деп əжем жұбанады.
Əжем даусы: «Иə, ол – тірі, тірі!»
Естілер үміт үні.
«Жұман тірі!» - деп ылғи қайталайды,
Айтады да жүреді күні-түні.
Əжемдегі осы бір саналы əдет,
Сағынышты құяды санама кеп.
«Жұман тірі!» - деп ылғи қайталайды.
Естерінен шығарып ала ма деп.
Адамдардай жеңістің Майын күткен,
Басқа сөздің қоя сап бəрін тіптен.
«Келеді Жұман əлі!» - деп қайталап,
Жүреді мерекеге дайындықпен.
Айтуымен əжемнің келе-келе,
Сол сағыныш ауысты немереге.
Келмейді деп айтпастан сол ағаны,
Сүйенгенін білмедім неменеге.
Сөтсем, сенім – əжемнің жолдасы екен,
Сол сенім – адамзатты қорғаса екен.
«Келеді Жұман əлі!»
Деп əжем жұбанады...
Соғыс болмаса екен!
Соғыс болмаса екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу