Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  98


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Маңғыстау

Баяғы меңіреу дала ма?!
Жо-жоқ, олай санама!
Жүйткиді состав далада
-Өзің-ақ содан шамала.
Қай жаққа, мейлі, қарама,
Ақ шаңқан үйлер – шағала.
Шевченко, Өзен, Жетібай,
Шетпе мен Бейнеу ... ғана ма?
Талайдың қаны төгілген,
Талайлар кеткен өмірден.
Тарихтың көне беті – ол
Тағдыры елдің көрінген.
Көненің күйін шертпе, біл!
Ертегі өңір, ерке өмір.
Мұнайын құйған Отанға,
Маңғыстау деген өлке бұл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу