Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  100


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қаратаудағы петроглифтер

Өткенің маған бұлыңғыр,
Сырыңды айт, бəрін маған айт.
Отыз бес ғасыр бұрынғы,
Ойран боп кеткен қаланы айт.
Жер тектес қадым ғұмырлы,
Жартастың жұмбақ сырын айт.
Отыз бес ғасыр бұрынғы,
Бабаларымыздың жырын айт.
Үш мыңдай сурет ... тұр көк шың,
Күзетіп сонша жасақты.
Неліктен салды суретшің
Арбаға жеккен қос атты?
Қимастан ұзақ қарадым,
Қыздырды кенет денемді ой:
«Сəйгүлік қуған даланың,
Ұландарымыз» деген ғой.
Көңілімді, баба, қозғадың,
Əсерсіз өнер өнер ме?
Сəйгүлік қуған өз қаның,
Ойнақшып тұрды денемде.
Ғасырым бөлек, басқа кез,
Ырғағы бөлек тоқ жырдың.
Атымды бірақ тасқа емес,
Жүрекке жазсам деп жүрмін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу